Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негізгі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 54 стр.

Полный просмотр работы

Азаматтық құқық негіздері

МАЗМҰНЫ
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Азаматтық хұқықтық қатынастар 3
1.2. Азаматтық құқықтың субъектілері 4
1.3. Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау 16
1.4. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері 24
1.5 Азаматтық-құқықтың мәмілелері 26
1.6. Өкілдік және сенімхат 29
1.7. Талаптың ескіруі 30
1.8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 31
1.9. Міндеттемелік құқық 34
1.10. Интеллектуалдық меншік құқығы 49
1.11. Мұрагерлік құқық негіздері 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 54

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Азаматтық хұқықтық қатынастар
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпау шылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметінің осы түріне қойылатын талаптарға біліктілік деңгейі сай келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді. Лицензиялайтын орган¬ның, пайдасына төленетін алым мен патент ақысын салық заңдары белгілейді.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болуы мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.

1.3. Азаматтардың, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Азаматтың қулықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық coт атқарады:
• құқықтарды мойындату;
• құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайларды қалпына келтіру;
• құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу;
• залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу;
• мәмілені жарамсыз деп тану;
• моральдық зиянның өтемін төлету және басқа әдістермен жүзеге асыру (Азаматтық Кодекстің 9-бабы).
Кәсіпкерлердің құқықтары мына төмендегі тәсілдер арқылы қорғалады:

Мүліктік құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келгенде кәсіпорындардың осы құқықтар мен мүддені бұзған кәсіпорындарға белгіленген тәртіппен наразылық хат беруге құқығы бар. Наразылық хат туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің. 8 бабының 1-ші бөлігінде "Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады" - деп көрсетілген.
Шаруашылық дауларды қарау тәжірибесіне тоқталсақ, дауды сотқа дейін реттеу тәртібі тараптардың бір қатар міндеті талаптарды орындаған жағдайда ғана сақталады деп есептеледі.

Жалпы шаруашылық дауды сотқа дейін реттеу кезінде қолданылатын ереже егер қолданылып жүрген заңда немесе шартта басқаша көрсетілмесе, Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық кәсіпорындар үшін, олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, міндетті болып табылады.
Бұл ереженің күші мына наразылықтардың нысандарына:

1.8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді.
Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пай да табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

1.9. Міндеттемелік құқық
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты, әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің, борышқордан оз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші).. және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем - берушілік міндеттеме пайда болады.

Заңда екі ерекшелік көзделген:
1) егер заң актілеріне сәйкес шарт жасау үшін мүлікті аудару қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген сәттен бастап жасалған деп саналады (АК 393-бабының 2-тармағы);
2) мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелер, соның ішінде шарттар да тіркелгеннен кейін жасалған деп аталады (АК 155 бабының l-тармағы). Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер осылай тіркелуі тиіс.

Азаматтың шарттардың негізгі турлері 1. Мүлікті меншікке берудегі міндеттемелер: сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату); айырбас шарты.
Азаматтық шарттардың жүйесі (таблица түрінде)

1.10. Интеллектуалдық меншік құқығы
Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның жұмысының (қызметінің) өнімдеріне құқығы заңмен белгілеген реттер мен тәртіп бойынша орнатылады.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушылар, тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер, дараландыру құралдары жатады. Бұларға қоса ғылым, әдебиет, өнер туындылары, орындау, фонограмма, хабар таратуды ұйымдастыру, өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер және ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс; құпиялары (ноу-хау), фирмалық атаулар, тауарлық; белгілер және т. б. атауға болады.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:
1) заңға сай мұрагерлер;
2) заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;
3) мемлекет пен жеке ұйымдар.
Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.