Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Жоспар
Кіріспе 3
1. Өндіріс оның мәні және факторлары 4
1.1 Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері 5
2. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері 8
3. Қоғамдық өндірістің құрылымы 11
4. Өндірістік құрылым және оның түрлері 13
5. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары 16
6. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері 18
7. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары 20
Қорытынды 22
Әдебиеттер 23
Кіріспе
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылағаны мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.
1. Өндіріс оның мәні және факторлары
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жаны болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер бұл өндіріс құрал жабдықтары ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар, материалдық игіліктер өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заңы (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәні қалып қалған болып табылады.
1.1 Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері
Теоретикалық экономикада «экономикалық ресурстар деген ұғым бар. Бұл немене екен? Экономикалық ресурстар бұл да өндіріс факторы, табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Оған көмір газ мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, болат, машина, станоктар, үйлер және т.б. жатады. Адам ресурстары олардың еңбек әлеуеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.
2. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
б) тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болады. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
3. Қоғамдық өндірістің құрылымы
Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.
4. Өндірістік құрылым және оның түрлері
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
5. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары
Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізделері:
• оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
• бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
• жабдықтардың қуаты;
• өндірістік қорлардың құны;
• өнім шығару көлемі;
• мамандандыру және механикаландыру;
• күрделі қаржының құрылымы.
Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдап өндірістің «осал жерлерінің ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.
6. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
7. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары
Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.
Қорытынды
• Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу – оның тиімділігінің қажетті шарты.
• Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды.
• Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі жұмыс орны, учаскелер және цехтар болып табылады.