Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Макроэкономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция

1 Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция

1.1 Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер серпіні. Әлуетті ЖІӨ

Экономикалық дамудың циклділігі (кезеңділігі) – өндірістің өсуі құлдырауымен, іскерлік белсенділіктің артуы кемуімен алмасып отыратын нарықтық экономиканың үздіксіз толқулары. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық құлдыраудың басталуынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең (Сурет-1-де

Сурет-1 – Экономикалық цикл
Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы және интенсивтілігі бойынша өзгешеленеді. Алайда, барлық циклдерге тән фазалары болады: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу.
Экономиканың циклділігінің негізгі себептері: тұтынудың, инвестицияның, негізгі қорлардың жаңаруы, ақша массасының өзгеруі және тағы басқалары. Экономикалық циклдердің әр фазасында өзіне тән негізгі ерекше құбылыстар көрініс береді.

Кесте-1 – Экономикалық циклдің әр фазасына тән негізгі ерекшеліктері

Экономикадағы циклдік ауытқуларға әсер ететін факторларды ықпал ету сипаттарына қарай сыртқы және ішкі факторларға жіктейді. Сыртқы факторларға халық санының өзгеруі, түбегейлі технологиялық өзгерістер, ауқымды саяси оқиғалар, соғыстар, табиғи үлкен апаттар және осылар тәріздес басқа да құбылыстар жатқызылады. Ішкі факторларға тұтынуға, инвестицияға шығындардың өзгеруі, үкіметтің түрлі саясаттар көмегімен жүргізетін іс-шаралары және т.т. жатады.
Цикл фазаларының негізгі индикаторлары болып жұмысбастылық деңгейі және шығарылым көлемі табылады. Ал, инфляция деңгейі, пайыз мөлшерлемесі және валюта бағамы үкіметтің, орталық банктің нақтылы жағдайлармен байланысты жүргізілетін саясаттарымен реттеліп отырады.

1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу

Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды.
Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен үш түрге жіктеуге болады:

Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз (амалсыз) және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығына» (мамандығына) сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір ұзақ уақытты қажет етеді.
Уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың негізгі айырмашылықтары:

Жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады (Сурет-4). Демек, ол жұмыс күшіне деген сұранысқа ықпал етуші негізгі фактор болып табылады. Кейнсиандықтардың пікірінше ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың шамасы ұсыныс факторларымен емес, төлем қабілетті сұраныс факторларымен анықталады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуімен (Сурет-4-де

1.3 Инфляция деңгейі. Сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Болжанған және болжанбаған инфляция

Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.
Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:

Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады.

Сурет-7 – Инфляциялық шиыршық

сұраныстың артуы және ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты

Табыстардың бөлінуіне инфляция өзінің байқалу дәрежесіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Болжанған инфляция жағдайында табыс иесі инфляцияның жағымсыз салдарының алдын-алу немесе азайту үшін шаралар қолданады. Олай істемеген жағдайда, оның нақты табысының шамасына кері әсер болады. Яғни, нақты табыстың шамасы инфляция шамасына қысқарады.
Ұлттық табыстың атаулы мөлшеріне инфляция салдарынан арылту үшін түзетулер Фишер теңдігінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Фишер теңдігі келесі түрде бейнеленеді:

1.4 Жұмыссыздық пен инфляцияның арабайланысы
1958-жылы ағылшын экономисті Олбан Филлипс Ұлыбританиядағы жүз жылға жуық мерзім ішіндегі (1861-1957 жылдар аралығындағы) жұмыссыздық деңгейі мен еңбек ақы мөлшерлемесі арасындағы өзара байланысты зерттей отырып, еңбек ақы деңгейі тұрақты болып келетін жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейін (5-7%) анықтайды. Ол жұмыссыздық деңгейі бұл деңгейден төмен болса, еңбек ақының тез өсетінін, ал кері жағдайда, яғни жұмыссыздық деңгейі «табиғи» деңгейден жоғары болса, еңбек ақының өсу қарқынының төмендейтінін айқындайды. Бұл байланыс келесі түрде өрнектелді:

Сурет-8 – Қысқа мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

Филлипс қисығы ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздықтың кері тәуелділігін көрсетеді:

ҚМК-де фирмаларға әлде қайда көп жұмысшылар жалдау тиімді болатындай етіп, нақты жалақыны инфляция көмегімен төмендету арқылы жұмыссыздық деңгейін жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен түсіруге болады. Қысқа мерзімде уақыт аралығында жұмысшылардың бағалық күтілісі инфляцияға нақты еңбек ақыны төмендетуге мүмкіндік бере отырып, инфляцияның нақты қарқыннан қалыс қалып отыруы әбден мүмкін. Алайда, ҰМК-де бұлай болмайды. Өйткені, белгілі бір сәттен бастап жұмысшылар бағалардың олар күткеннен әлде қайда жылдам қарқынмен өскенін түсінеді. Бұл кезде жұмысшылардың талап ету нәтижесінде жалақы өседі. Тұрақты өндіріс көлеміне шығындары өскен фирмалар жұмысшыларының санын қысқартады. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейіне жоғары инфляциялық қарқынмен қайтып оралады (Сурет-10).