Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Баяндама

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері

Жоспар
1. Конституциялық құрылыс түсінігі және оның негіздері 3
2. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы) 4
3. «Азаматтық қоғам» түсінігі, оның құрылымы 7
4. Халық-мемлекеттік биліктің көзі ретінде 9
Әдебиеттер 12

1. Конституциялық құрылыс түсінігі және оның негіздері
Конституциялық құрылысқа басқаша түрде анықтама беретін болсақ, мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемле¬кет¬тік құрылым формасын, саяси тәртіпті енгізеді (1,2,3-баптар). Мем¬лекет құрылымы туралы айта отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз. (1-бап¬тың 1-тармағы, 5-баптың 5-тармағы; 6-баптың 3-тармағы жә¬не т.б.).
Басқалай айтқанда, «Конституциялық құрылыс» жиынтық түр¬де мемлекеттік және қоғамдық құрылысты немесе құры¬лым¬ды құрушы, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы қоғамдық қатынастарды білдіреді.

2. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы)
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1-бап), адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналатын Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Демократизм ең алдымен халық билігін қамтамасыз етуден; заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуден; идео¬ло¬гия¬лық және саяси алуан-түрліліктен; жергілікті өзін-өзі басқа¬ру¬дан көрінеді.
Мемлекеттегі демократизмнің көрінісі сондай-ақ ұлттың және халықтың егемендігін бекіту болып саналады.

3. «Азаматтық қоғам» түсінігі, оның құрылымы
Азаматтық қоғамда адам идеясы басты орын алады. Азамат¬тық қоғамға сипаттама беруде оның құқықпен санқырлы табиғи байланысының маңызы зор, конституциялық-құқықтық тұрақ¬ты¬лықтың, дамыған құқықтық жүйенің және азаматтық қоғамды құруы мүмкін әділ сот жүйесінің болуы кезінде ғана жекелеген тұлғалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етіледі.
Сонымен, азаматтық қоғам – бұл сенім мен бейбітшілікті сүю, дәстүрлер мен заңдарды, адамгершілік және рухани идея¬ла¬рын құрметтеу ахуалын туғызушы, шығармашылық және кәсіп¬керлік қызмет еркіндігін қамтамасыз ететін, адамдар мен азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін туғыза¬тын, мемлекет қызметіне шектеу мен бақылау механизмдерін орнататын нақты адамға бағдарланған еркін демократиялық құқықтық қоғам.
Азаматтық қоғам құрылымы:

4. Халық-мемлекеттік биліктің көзі ретінде
Халық билігі мемлекет азаматтарының жалпы еркімен бай¬ла¬нысты халықтың егемендігімен білдіріледі. «Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен бірдей қолданылады және мемлекетке жататын адамдар жиынтығы ретінде анықта¬ла¬ды. Халық мемлекеттің физикалық субстатын (субмәртебесін) құ¬ра¬ды.
Билік, кіммен болсын, немен болсын иелік жасау немесе бас¬қа¬ру, өзінің еркіне басқаларды бағындыру мүмкіндігін Рес¬пу¬бли¬кадағы халық билігі, мемлекеттік биліктің бірден бір бас¬тауы халық болып саналады деп жариялайтын Конституцияның 3-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.