Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері


Мазмұны
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Статистика ғылымының дамуы және Қазақстанда пайда болуы 5
1.1 Статистика ғылымының дамуы 5
1.2 Қазақстан Республикасының статистика басқармасының тарихы 6
ІI Бөлім. Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері 9
2.1 Абсолютті шамалар 9
2.2 Қатысты шамалар 11
2.3 Орташа шамалар 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Статистика жеке ғылым ретінде 19 ғасырда пайда болған. Статистика - бұл жан-жақты күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді.
 Статистиканың жалпы теориясы – ол статистиканың жалпы принцперімен әдістерін қарастырады.
 Әлеуметтік статистика - мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштерінің жүйесін, оның құралымымен пропорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салаларымен элементтердің өзара байланысын зерттейді.
 Салалық статистика - өнеркәсіп ауыл шаруашылық құрылыс, көлік байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын сипаттайтын әлеуметтік статистика қалыптасты.

І-ТАРАУ. Статистика ғылымының дамуы және Қазақстанда пайда болуы
1.1 Статистика ғылымының дамуы

Статистика - латынының статус (status) деген сөзін қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің негізінен, итальяның ”statе” – мемлекет, “ statisto”- мемлекеттің жағдайын жеттік білу деген сөзінен шыққан. Қазіргі кезде “статистика” термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
- Статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу.
- Статистика - статистикалық жинақтарда анықталады, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер.
- Статистика қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

1.2 Қазақстан Республикасының статистика басқармасының тарихы
Қазақстан Республикасының статистика тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Қазақ мемлекеті - қазақ хандығы туралы оны растейтын статистикалық тарихы мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болуы кезеңінде(1459) Шу және Талас өзенінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысының) аумағында халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды. Бірақ бүгінгі Қазақстан аумағында азды көпті болсада жүйелі және орталықтандырылған статистика қызметінің өмірге келуі 18 ғасырдың 2 жартысында, былайша айтқанда Қазақстан Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, орыс патшалығының барлық жеріндегідей 1897 жылдың 9 ақпанында жағдай бойынша өткізілді.

ІI Бөлім. Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері
2.1 Абсолютті шамалар
Статистикалық бақылаудың, жинақтаудың және топтаудың нәтижелерінен барлық жиынтық бірліктері бойынша және оның жеке бөліктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алынады. Осы алынған мәліметтер өздеріне тән белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді, өзара байланысты сандық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және статистикалық кестелер арқылы көрсетіледі. Жеке топтарды немесе барлық жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық жөндер қорытындылаушы көрсеткіштер деп аталады. Мысалы, республикамыздағы халықтың саны, өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдерінің көлемі, әр гектардан түскен орташа өнімнің мөлшері және т.с. сияқтылар жатады.
Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне қарай нақты( абсолютті ), қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі. Осының ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады.

2.2 Қатысты шамалар
Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау, олардың өзара байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады. Сондықтан статистикалық зерттеуде, нақты шамалармен қатар қатысты шамалар да қолданылады.
Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады. Қатысты шама қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып саналады. Себебі, оның нәтижесінде нақты шама көрсеткіштеріне талдау, қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне бірін бөлу арқылы айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп, ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.

2.3 Орташа шамалар
Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де статистиканы оқымаған халықтың ортасынан «орта» немесе «орта есеппен» деген ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда қолдана аламыз деген сұрақ - сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта оқитын студенттердің степендияларының мөлшерін алатын болсақ, онда орташа шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғары оқу орындағы степендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана өте жақсы оқитын студент тердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ, онда олардың арасында түрлі себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болып келеді. Мұндай жағдайда барлық жұмысшыларға тән сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа шама ңдісі қолданылады.