Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Жоспар
1 Мемлекет ұғымы және белгілері 3
2 Мемлекет функциясының ұғымы және олардың түрлерге жіктелуі 11
Пайдаланған деректемелер тізімі 50
1 Мемлекет ұғымы және белгілері
Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілк – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болу, даму, себептері:
2 Мемлекет функциясының ұғымы және олардың түрлерге жіктелуі
Мемлекет қоғамдық істерді басқару органы бола отырып, көп түрлі қызметті жүзеге асырады. Онда экономикалық, саяси, әлеуметтік- мәдени және басқа қатынастар мен үрдістер жүзеге асырылады. Мемлекет айналысының бәрі қоғам және өзі үшін бірінші реттегі мәнге ие болмайды. Сондықтан қоғам істерін басқарудағы іс жүргізудегі рөлін, осындай басқарудың мақсаттарымен, сонымен бірге мемлекетпен қорғалатын әлеуметтік және өзге де құндылықтарды анықтау үшін мемлекет қызметінің басты негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігі туындайды.
Функция-заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады. Функция деген ұғым латын тілінде(gunctio)-орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады.Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.
Қоғамдық өмірде еңбек шешуші рөлді атқарады. Еңбек сауалдарымен әлеуметтік дамудың көптеген аспектілері байланысты, зейнет ақымен қамсыздандыру, еңбектік және басқа да көшіп қону, демалыс сұрақтары және тағы басқалар.
Азаматтардың еңбек етуі жеке және психикалық денсаулықтарының жағдайларымен байланысты. Денсаулық сақтау министрлігі осындай көптеген қызметтерді атқарады. Жергілікті жерлерде бұлардың жүйесіне территориялық органдар, мемлекеттік емдеу – сауықтыру, ғылыми – зертханалық, білім беру мекемелері, санаторийлер, курорттар және дәріханалар және тағы басқалар кіреді.
Еңбек бөлінісі және өндірісі жалпы және кәсіби білімді қажет етеді. Білім адамның рухани әлемін қалыптастырады. Тегін жалпы толық (орташа) білім беру және мемлекеттік, муниципалдық білім беру мекемелерінде алғашқы кәсіби білім беру қызмет етеді. Сонымен бірге мемлекеттік емес білім беру мекемелері – жеке мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары, діни және қоғамдық бірлестіктер жанындағы білім мекемесі өзінің дамуын белгіледі. Білім беру мекемелері мектепке дейінгі, жалпы білім беру (алғашқы жалпы, негізгі жалпы, орта және толық жалпы білім беру), арнайы білім беру (даму қабілеттілігі шектелгендерге), қосымша білім беру (мысалы, екінші жоғарғы білім алу).
Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт төмендеді. Сондықтанда денсаулық сақтауға, ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа да тармақтарына қаржы төлеу ұдайы қысқаруды, ал зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде кейбір елдерде кешігіп жатады. Азаматтар үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізудің, медициналық, мәдени – ағарту, ғылыми, мектеп спорттық объектілерді салу бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді:
Пайдаланған деректемелер тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2002 жыл
Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет» туралы заңы
Қазақстан Республикасының « Мәдениет» туралы заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» 2007 жыл 9 қаңтар
Арнайы әдебиеттер:
Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер 2003
Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007
Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
Бабаев В.К. Теория современнного права. Н.Новгород.1991
Булекбаев.С.Социально – филосовский анализ соотношения экономики и государства. Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 1998 жыл.
Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002 жыл
Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
Комарпов С.А. Общая теория государства и права. Саранськ, 1994
Курс лекций по теории государства и права. Под.ред. А.В.Малько., Саратов 1993 г
Курс теории государства и права. Под.ред. И.П.Марова., Тюмень 1994
Клименко Теория государства право. Москва 2004
Лазарев В.В. Теория государства и право. Москва 1992
Ливишиц Р.З. Теория право. Москва 1994
Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
Манов Г.Н. Советское общенародное государства; цели, задачи, функции. М.,1987.
Мухамедов М.Б. «Қазақстан тарихы». Алматы «Қарасай» 2007 жыл
Мухамедов М.Б. «Қазақстан әлемдік қауымдастықта». Алматы, 2000жыл
Мұхамеджанов Б.А . Кеңес мемлекетінің экологиялық қызметі. Алматы, 1990 жыл
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы 2007