Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақ тілі - мемлекет құрушы факторлардың бірі

Тіл мәртебесін өсіретін де, өшіретін де - өзіміз. Ұлттық рухы бар, болмысы берік, елін, жерін сүйетін әр ұлт азаматы тілі үшін күресуі тиіс-ақ. Талай ұлттардың тілінің жойылып, қолданыстан қалып жатқанын әрбір білігі мен білімі бар азамат жете біледі. Бүл - бәрімізге сабақ. Тілімізді басқа тілдермен салыстыруға болмайды. Егер біз өз тілімізді сүйіп, оны қастерлей алмасақ, келер ұрпағымыздың жадына сіңіре білмесек, ол өлі тілге айналады. Сондықтан қазақтың баласы қазақша тәрбиеленуі тиіс, оның тілі ана тілінде шығуы керек. Басқа тілдерді білу кім - кімге де қажет. Бірақ өз елінің, жерінің тілін ұмыту - қасірет. Осыны есте ұстаған абзал. Кеңестік кезеңде орыс тіліне бас ұрсақ, енді бар ұрпақтың зейіні ағылшын тіліне ауды. Болашақта оған қытай т.б. тілдер де енуі әбден ықтимал.

Қазақ тілі - мемлекет құрушы факторлардың бірі. Қазақ тіліне деген көзқарас - Қазақстан мемлекетіне арқау болатын, соған негіз болатын фактор. Сондай - ақ адамзаттың қазіргі даму деңгейінде ұлттық нышансыз, ұлттық мәдени ерекшеліксіз дербес мемлекет болып қалыптасу мүмкін емес. Қазірде біз жаһандану үрдісіне төтеп беру үшін өзіміздің рухани, мәдени ерекшеліктерімізді сақтауымыз керек.

ҚР «Тіл туралы» Заңымыздың шынайы орындалысы ешкімді де қанағаттандырмайды.Әрине, ана тіліміздің мемлекеттік тіл болуы үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан шаралар баршылық.
Биылғы Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы зор. Осы Жолдауда түңғыш Президентіміз ежелден айтып, көтеріп келе жатқан мемлекеттік тіл, тағы басқа ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамыту жайына тағы да тоқталып, алдағы перспективалы мақсатты саралап берді. Оны жүзеге асыру - баршамызға ортақ парыз. Бүл жолда Елбасымыз қол қойған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» да атқарар ролі мол болмақ.

Сонымен бірге, келешек азаматтарға қазақ тіліндегі грамматиканы жаттау емес, тілдік қарым - қатынас жасауды үйрену қажет. Қазақ тілін бірінші тіл ретінде оқыту үшін ең үздік әдістер қолданылуы керек.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін өз деңгейіне жеткізу үшін төмендегі талаптар жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймын:

Мектептердегі қазақ тіліне бөлінетін сағат саны көбейтілді. Өткен оқу жылында мемлекеттік тілді оқытудың еуропалық стандартқа негізделген жаңа бағдарламасы жасалды.
Біз еңбек ететін С. Сейфуллин атындағы гимназияда да мемлекеттік тілді үйретуде ұстаздар заман талабына сай заманауи оқыту әдістерін қолданады. Біз өз тәжірибемізде «саралап оқыту технологиясын», «ұжымдық оқыту технологиясын», «модульдік технологияны» жиі қолданамыз. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін «сын тұрғысынан ойлау стратегиясы», «5 жолды өлең», «түртіп алу» әдістері жиі қолданылады.