Орта Азиядағы экстремизм
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ЛАНКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАНДАНУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 6
1.1 Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері 6
1.2 Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары 15
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ОРНЫ 20
2.1 Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері 20
III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ 39
3.1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері 39
3.2 Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі 46
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52
КІРІСПЕ
Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрыс шешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз. Халықаралық арақатынастардың ерекше аясы болып терроризм және экстремизм табылады. Бәріміз білетіндей, аталған екі құбылыс белгілі-бір мемлекеттің аумағында орын алғанымен, бүкіл әлемді мазасыздандыратын мәселеге айналды. Себебі бұл оқиғалар дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделеріне қайшы тұрып, олардың бейбіт, тыныш және ынтымақтастық өмірін қауіпті жағдайға тірейді. Алайда, көптеген ғалымдар, бұл мәселелерді әлемдік қатынастардың жаһандануымен байланыстырады. Қазіргі заман өзінің күрделі қатынастарының қиындай түсуімен және рухани құндылықтарға кері көңілмен қараудың тенденциясымен түсіндірілетін адам және қоғам, қоғам және мемлекет, мемлекет және әлемдік қауымдастық арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
І ТАРАУ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ЛАНКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖАНДАНУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Экстремизм. Түсінігі, себептері және түрлері
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 18 ақпанында шыққан «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, экстремизм және оның түрлері болып келесі әрекеттерді ұйымдастыру және (немесе) жасау табылады:
- жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
¬- жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:
1.2 Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары
Діни экстремизм жаңа заманда жалпы экстремизмнің эволюциясы болып келеді. Діни экстремизм осыған орай тарихи ислам прецеденттерін ішкі қайшылықтарды пайдаланумен қатар іске асады. Исламдық факторға көңіл аудара отырып, біз исламның, әлемдегі барлық діндер сияқты, мейірімді және бейбіт дін екенін ұмытпауымыз керек. Саяси экстремизм бұл жағдайда діни құндылықтары мен нормаларды бұзған деп халық алдында ұсынылған билік күштерге ғана өрескелдік көрсетуге батылы жетеді. Аталған жағдайда билік күштерінің тұрақсыздандыру құралы ретінде дінді пайдалану саяси экстремизмнің мінезіне ғана қарасты. Оған қоса заман талабына сай тұрақтанған зайырлы құндылықтар діни құндылықтарға қарағанды әлдеқайда төмен және оған бәсекелестік тудыра алмайды. Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат – билікке жаңа саяси күштің келуі.
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ОРНЫ
2.1 Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері
Қазақстан көрші мемлекеттердегідей экстремизмнің күшті жандануын көрмеген мемлекет болып табылады. Алайда мемлекет аумағында экстремистік тенденциясы жоқтың қасы деп мәлімдеуге үлкен қате. Бүгінгі күні Қазақстанда экстремистік тенденцияның дамуы мен қалыптасуының патенттік процесі жүріп жатыр деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.
2.2 Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сырттан келетін қауіптерді алдын алу және жою
Адамзат XX ғасырда «Суық Соғыс» кезеңін басынан кешіріп, жаңа ғасырда жаңа жалпы әлемдік мәселе – халықаралық экстремизм мен терроризмнің агрессиялы көріністерімен соқтығысты. Қазақстан үшін бұл мәселе өзекті болып, ең алдымен, оның геосаяси орналасу географиясы есебінен болады. Мемлекет Шығыс және Батыс атты екі әлемнің қиылысқан жерінде көпір рөлін атқарып, екі «оттың» арасында орналасқан. Жан жақтан республика аумағына кез-келген уақытта өтіп кете алатын ыстық ошақтар орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизм және терроризмді Қазақстанның ұлттық нанымдарына ауқымды қауіп ретінде қарастыру қажет.
Әлемдік жаһандану жағдайында табиғи түрде жаңа қанаттық бағыты болып, яғни оның логикалық шарықтау шегі болып халықаралық терроризмді айтуға болады.
III ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
3.1 Орта Азия аймағындағы экстремизм және терроризм көріністерінде адам құқықтарының бұзылуы мен оларды қорғау мәселелері
Жаңа заман құқықтануында адам құқықтары мәселелерін алдыңғы қатарға көтерілуі – рухани мәдениет пен өнегеліліктің қайта жандануының куәсі болып табылады. Бұл процесс мемлекет ішінде де, жаһан әлемдік деңгейде де саяси-экономикалық және әлеуметтік, мәдени мәселелерді айқын адамның қатысуымен шешілуі прогрессімен және цивилизациялық өркендеудің мызғымас байланысы туралы идеяның кристализациялануы жөнінде жаңа саяси ойлардан туындайды.
Адам құқықтары нақты осы мәселені қамтуға бағытталған, яғни әлемдегі болып жатқан барлық оқиғалар мен әрекеттерде адамның бәсең бақылаушыдан белсенді қатысушыға айналуы болып табылады.
3.2 Терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметі
Орта Азия аумағында терроризм және экстремизммен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығы арнайы халықаралық ұйымдардың пайда болуы және қызмет тесуімен расталады. Біздің ойымызша, халықаралық заңгерлер комиссиясы жөнінде нұсқаулығы адам құндылықтарын терроризммен күресі кезінде қорғау мәселелері негізгі бағыт-бағдар болуы керек. Олар:
ҚОРЫТЫНДЫ
2007 жылдың қарсаңында әлемде соңғы жылдар бойы байқалып тұрған тенденция - экстремизм және терроризм – жаңа мыңжылдықтың апокалипсисі екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Дүниежүзі АҚШ, Ресей, Палестина, Израиль, сонымен қатар әлемнің тағы басқа аймақтарында орын алған оқиғалардан таң қалуда. Әлемдік қауымдастық аталмыш жаһан мәселесін шешу жолында: әйгілі саясаткерлер, құқықтанушылар, социологтар әлемнің әрбір азаматына тиесілі ең үлкен қасіретті шешуге бет бұрды. Қазақстан Республикасы лаңкестік оқиғалардың ошақтарынан тыс аймақтарда орналасқанымен, лаңкестер күштеріне қарсы тұру іс –қимылдарының белсенді қатысушылары болып келеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет бола тұра, әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып табылады да, терроризмді сынаумен қатар, онымен күресуде белсенді шаралар қабылдады.
Зерттеудің негізгі мақсаты болып экстремизм және терроризммен күресудегі Орта Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық қағидалары мен мазмұнының жалпы мінездемесін қалыптастыру мәселесі толығымен қамтылған болмаса да, әлдеқайда дұрыс бағыттағы ұстанымдарды бекіткені айқын деп нық айтуға болады. Жұмыстың алға қойған келесі тапсырмаларын орындадық: