Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Батыс социологиясы

Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге – эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи, динамикасы бар.

Осылайша түп негізінде тұрақтылық, индивидуум ұмтылысындағы өзгермеушілік жататын «әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты үлгісі» тұжырымдамасы жасалды. Бұл «әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты бейнесі» тұжырымдамасы АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады.

Зерттеу жүргізетін ұйымдарының саны жағынан да, қолданбалы салаға бағытталған студенттерінің саны жағынан да эмпирикалық социология негізінен университеттер мен академиялық институттарда шоғырланған теориялық социологиядан асып түсті. Бірақ дүниені түсінудегі маңызы, саяси және басқа да бағдарламалардың теориялық негіздемелерін қалыптастыруда теориялық социологияның әсері эмпирикалық социологияға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Мертонның пікірінше, аномия- қоғамдағы құндылықты нормативті жүйелердің әр түрлі элементтері арасындағы, жалпыға ортақ мақсатқа мәдениетті түрде жазылғандар мен оған жетудің заңды құралдарының арасындағы келіспеушіліктің, кикілжіндердің нәтижесі. Қоғам «қалыпты» деп белгілеген мақсатқа адамдар қол жеткізе алмағанда аномия туады. Аномия жағдайында, жалпы мақсаттарды түсінген кезде де, осы мақсаттарға жетелейтін әрекеттердің құқықтық және моральдік тәсілдері толық мойындалмауы мүмкін. Адамдар аномия күйіне әр түрлі әдістер арқылы бейімделеді: не конформизм (бағынушылықпен) немесе не мақсатқа, не құралдарға, кейде екеуін де жоққа шығаратын мінез-құлық (девиация) көрсетеді. Р.Мертонның тұжырымдамасы қоғамдағы мүдделері бөлінісіне қатысты туатын кикілжіндерге түсініктеме беруге кең мүмкіндіктер ашты. Оны құқық социологиясында қолданады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағамбетова З.Н. – «Социология» - Алматы, 2005.
2. Шынтемірова Б.Ғ., Шайхиев Т.Т., - «Әлеуметтану» (оқу-әдістемелік құрал) Орал, 2005.
3. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов – «Әлеуметтану» Алматы, 2003.
4. Икенов, Жүсіпова – «Әлеуметтану негіздері» - Алматы, 2004.