Криминалистика пәнiне кiрiспе
Қылмысты тез арада және толық әшкерлеудi қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына әрқашан көмек көрсетiп отыру криминалистиканың негiзгi мiндеттерiне жатады. Мұндай көмек тергеу және сот өндiрiсiне жаңа ғылыми әдiстер мен техникалық құралдарды дайындап енгiзу жолымен жасалынады.
Криминалистика – қылмысты ашу туралы ғылым. Қылмыстың алдын-алып ашудың ғылыми әдiстерiн дамыту қызметi алдыңғы қатарлы тергеу тәжiрибесiн, сот және сараптама өндiрiсiн жинақтап зерттеу негiзiнде жасалынады.
Тергеу ситуациясы деп тергеудiң белгiлi бiр кезеңiнде айғақты мәлiметтердiң, дәлелдемелердiң көлемiне және ерекшелiгiне, iстiң мән-жайын анықтау мүмкiндiгiне байланысты қалыптасатын жағдайды айтады.
Криминалистиканың жалпы теориясы элементтерiнiң бiрiне, әдiстер туралы iлiм жатады. Әдiстi кең мағынада – шыңдыққа жетi тәсiлi ретiнде түсiнуге болады; құбылыстар мен фактiлердi тану, зерттеу және талдау тәсiлi, қандай да бiр мақсатқа жету тәсiлi, мiндеттердi шешу; танымдық жол.
Жалпы (жалпы ғылыми) әдiс деп нақтылы құбылыстар, объектiлер және фактiлердi зерттеуде қолданылатын тәсiлдер, ережелер, нұсқаулар жүйесiн айтады. Жалпы әдiстер барлық ғылымдарда қолданыла отырып, олардың әрқайсысында өзiне тәндiлiгiн көрсетедi. Жалпы әдiстер қатарына бақылау, өлшеу, суреттеу, салыстыру, эксперимент, моделирование және математикалық әдiстер жатады.