Қосағаш немесе шүй қазақтары туралы
Құрметті Отандастар!
Қадірменді қонақтар!
Ең алдымен үшінші дүниежүзілік Қазақтар құрылтайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Асқақ Алтайдың биігінде, Қосағашта дәстүрін, тілін сақтаған шоқтай он мың қазақ тұрады деп еді, бүгінде он бір мыңға жеткен сол қазақтардың Сіздерге шын жүректен жолдаған сәлемін жеткізуга рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі халықаралық конференцияға халқымызға ыстық, өзекті әрі ең қасиетті мәселелер тақырып етіп алыныпты. Бұл – елдіктің көрінісі. Әлем қазақтары рухани сұхбат құрып жатса, Алаш мұрасын, тіл мен мәдениет мәселесін бірге көтеріп жатса, бұған тең келетін, бұдан артық біздерді жақындастыратын жағдай болмайды деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға осы тақырыптардағы конференция дәстүрге айналып жалғасын тапса деген ұсыныс айтамын.
Қосағаш қазақтары небір қиын тарихи кезеңдерді басынан өткізсе де жүз пайыз ана тілінде таза сөйлетінін атап айтқым келеді. Қосағаш, яғни Шүй қазақтарының мақалдап, мәтелдеп сөйлейтін өзіндік стилі қалыптасқан десем артық айтқандық емес. Бізде тіл мәселесі қиындық туғызып тұрған жоқ. Қазақстаннан тыс қазақтардың ішінде бірінші болып өз энциклопедиямызды шығардық. Онда Қазақстанда шыққан энциклопедиялар, кітаптар материалдарын көп пайдаландық. Онда бірнеше мақсатты көздедік. Бірінші
Спортқа, оның ішінде ұлттық спорт түріне де ерекше көңіл бөлеміз. Соны ескеріп ұлы еліміз – Қазақстан мені дүние жүзі қазақтары қазақша күресінің президенті сайлаған болатын. Сенімдеріне мың рахмет. Қосағашта қазақша күрестен дүние жүзілік күрестен жарыс өткіздік. Онда дүние жүзінің қазақ балуандары бас қосты. Басқа да спортқа қатысты шаралар өткізіп тұрамыз.