Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Баяндама

Объем: 64 стр.

Полный просмотр работы

Экология пәнінен лекциялар жиынтыгы

Жоспар
1. Экология пәніне кіріспе 3
2. Ағза және орта. Экологиялық факторлар және олардың тірі ағзаларға әсері 6
3. Ағзамен қоршаған ортаның қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар 8
4. Популяция туралы түсінік 9
5. Биоценоз 11
6. Экожүйе 16
7. Биосфера - әлемдік экожүйе 20
8. Ноосфера концепциясы 25
9. Табиғат ресурстары 28
10. Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері 31
11. Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері 36
12. Литосфераға антропогендік факторлардың әсері 44
13. Ерекше қорғауға алынған аймақтар 49
14. Қызыл Кітап 55
15. Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары 59

1. Экология пәніне кіріспе
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.

2. Ағза және орта. Экологиялық факторлар және олардың тірі ағзаларға әсері
Мекен ету ортасы дегеніміз – тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың бөлігі. Планетамыздағы тірі ағзалар 4 негізгі мекен ету ортасын игерген. Олар:

3. Ағзамен қоршаған ортаның қарым-қатынасы. Шектеуші факторлар
Тіршілікке анықтама берудің бір жолы – олардың негізгі қасиеттерін жүйелеп баяндау.

4. Популяция туралы түсінік
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

5. Биоценоз
Биоценоз (лат. bios - өмір; koinos – ортақ) дегеніміз – белгілі бір территорияда мекендейтін әртүрлі түрлер популяциясының бірлестігі. «Биоценоз» ұғымын алғаш рет 1877 ж. неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценозды зерттейтін экология ғылымының саласы биоценология деп аталады. Биоценоз – ағзадан жоғары деңгейдегі жүйе. Биоценоз – бірігіп тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан ағзалардың топтары. Ол үш компоненттен тұрады:

6. Экожүйе
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

7. Биосфера - әлемдік экожүйе
Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 ж. атақты Австрия геологы Э.Зюсс қолданған.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 ж. В.И.Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған.

8. Ноосфера концепциясы
В.И.Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады.

9. Табиғат ресурстары
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:

10. Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасы дегеніміз – жер шарын қоршап тұрған шаң-тозаң, бу мен газдан құралған қоспа, ол күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып отырады. Егер атмосферада ауа болмаса аспан қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді.

11. Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері
Табиғат байлықтарының бірі – су. Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін ескерген жөн. Өсімдік және жануар организмдері ұлпаларының негізгі массасын су құрайды, оның салыстармалы мөлшері 50-80%.

12. Литосфераға антропогендік факторлардың әсері
Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ – зат айналымның маңызды буыны.

13. Ерекше қорғауға алынған аймақтар
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі – табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады.
Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер – жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды. Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері – үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің біріне Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Соынмен, қатар «Қараүңгір», «Көкбұлақ», «Жылауықата» және т.б. үңгірлерді атауға болады.

14. Қызыл Кітап
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

15. Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары
Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда – 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі.