Кекілбаев Әбіш
Жоспар
Кіріспе 3
1. Кекілбаев Әбіш (1939) 5
2. АСАТ (Әбіш Кекілбаев туралы сөз) 7
3. Кекілбаевтің «Үркер», «Елең-алаң» романдарына пікір 11
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйт¬кені, Кекілбаевтың өзі бір әлем. Шүкір, қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерек¬шеліктеріне шұқшия үңіліп, Кекіл¬баевтың шығармашылық өнері туралы жазылған мақалалар да бірнеше томға жетерлік. Әбекеңнің шығармашылық еңбегі туралы пікір білдіріп, еңбек жазғы¬сы келген әрбір адам бұрынғы айтылған сөз, жазылған дүниелерді қайталағысы келмей, тың жол тапқысы келетіні де табиғилық. Оған қоса Кекілбаевтың өзінің әлем, қазақ тарихының көрнекті адам¬дары, замандастары, осы заманның, біздің қоғамның құбылыстары, бағыт-бағдары туралы толып жатқан ой толғаулары да, публицистикалық шығармалары да елге белгілі. Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу – тек сол Әбекеңнің үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет.
1. Кекілбаев Әбіш (1939)
Осыдан жиырма жылдай бұрын, қазақ әдебиетінің ұлы көшіне біраз даңғаза – дабырмен жамырай келіп қосылған бір топ талантты замандастар ортасынан бұйра бас, қара торы, өңді өспірім жігіт бірден жұрттың назарын аударған еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің биязы мінезі дәлелді пікірлеріне әркім-ақ ден қоятын.
Әбіш Кекілбаев түрікмен даласымен шектес жатқан Маңғыстау түбегінен болғандықтан, осы түбектегі өмір, тірлік, салт-сана туралы, ежелгі аңыз-әңгімелер, ата-бабалар тағдыры жайында, даланың қым-қуат бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейтін. Ол кезде Әбіштің баспадан алғашқы өлеңдер жинағы шығып, баспасөзде алғашқы мақалалары жарияланып жатты.
2. АСАТ (Әбіш Кекілбаев туралы сөз)
Тар жол, тайғақ кешулерге толы ұзақ сонар тарихи тағдырында талай қиямет-қайым заманаларды бастан кешіріп, ала сүргін аласат пен қарақазан ғарасат ақтабан шұбырындылар қайғы-қасіреті жүрек-қолқасын суыра, «Елім-ай!» деп қан жылай күңіреніп қалған қым-қуыт қилы кезеңдердегі тартқан тақсыреті мен тауқыметі қаншама қат-қабат келсе де, осы Ұлы Дала төсінде «мың өліп, мың тірілген» қазақтың, Құдайға шүкір, ер етігімен шаң кешіп, ат ауыздығымен су ішкен екіұдай шақтарда «Ел қамын жеген Едігелері» де аз болмапты.
3. Кекілбаевтің «Үркер», «Елең-алаң» романдарына пікір
Кекілбаев-суреткердің және бір басты ерекшелігін замандас қаламдастарынан артық айта алмайсың: «Өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқылы келешекке де жарқ сәуле түсіруге болады. Оның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының өзекті ойы, біздіңше, осындай «(Г. Бельгер). «Өткен өмірдің көне беттерін аша отырып, тарихи шындықтан ауытқымаса да, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне жауап береді «(Л. Теракопян). «Өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы» (Ш. Айтматов). Мен бұл үш пікірді жайдан-жай келтіріп отырған жоқпын. Мәселе Әбекең жазған тарихи туындылардың тап қазіргі дәуірмен де рухани үндестік табуында жатқан сыңайлы. Осы арада он сегіз жыл бұрын жарық көрген «Үркер» романынан, ұзақтау болса да, екі-үш үзіндіге ерекше назар аударғанды жөн санаймын:
Қорытынды
Өткен ХХ ғасырдың 60-70-жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде “Алыптар тобы” атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткерлері ретінде танылды. Әдеби шығармалар үздіксіз сұранысқа ие болып, қоғамның қозғаушы ірі күшіне айналды. Әдебиеттің, әдебиет қайраткерлерінің қоғамда мәртебесі артты, беделі өсіп, тұрақтанды. Адамдар олардың зиялы сөз, саналы ойына құлақ асты. Зейін қойды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қирабаев С. Талантқа құрмет: мақалалар, зерттеулер, портреттер. Алматы: Жазушы, 1988
2. Бердібаев Р. Биік парыз.- Алматы: Жазушы, 1980
3. Нұрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы, 1986
4. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1977
5. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982
6. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1996
7. Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. - Алматы: Рауан, 1994
8. Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980
9. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1997
10. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
11. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. - Алматы: Жазушы, 1988. - 189 б.
12. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 311 б.
13. Қазақтың жүз романы. //Құрастырған Р.Нұрғали, Астана, Фолиант, 2004, 456 б.
14. Кекілбаев Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989. - 400 б.
15. Тарази Ә. Қорқау жұлдыз: Роман мен повесть. - Алматы: Жазушы, 1991. - 288
16. Бөкеев О. Ұйқым келмейді. - Алматы: Жалын, 1990. - 560 б.
17. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: Повестер. - Алматы: Жазушы, 1993. - 544 б.