Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Басқару социологиясы


Жоспар

1 Басқару социологиясы 3
1.1 Басқару тәсілдері 3
1.2 «Басшылық – бағынушы» қатынасы 4
1.3 Басқарушылық шешімдер 6
1.4 Өзін-өзі ұйымдастыру 6
1.5 Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы 7
Әдебиеттер 10

1 Басқару социологиясы

Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі - мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, «престиж шкаласы», бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар). Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.

1.1 Басқару тәсілдері

Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:

1.2 «Басшылық – бағынушы» қатынасы

«Басшылық» ұғымы «басқару» ұғымына жақын және ұйымдастырушылық қатынастың басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар арасындағы ерекше үш жақты қатынасты талдауды көздейді. Біріншіден, басшылық – бұл түрлі статустар, административті құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас. Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің құқықтық негізін қамтиды.

1.3 Басқарушылық шешімдер

Басқарудың ең басты өнімі не? Әрине бұл оның қабылдаған шешімдері. Басқарушылық шешімдер – бұл ұйымдағы белгілі бір өзгерістердің ресми жобасы. Осылардың негізінде келесідей басқарушылық шешімдер түрі бөлініп шығады:

1.4 Өзін-өзі ұйымдастыру

Басқару қызметі тек басшы – бағынышты тік қатынастарын ғана қамтымайды. Ұйымдарға сондай-ақ өзін-өзі ұйымдастыру тән. “Өзін-өзі басқару” ұғымы әдетте екі мағынада болады: кең және тар. Кең мағынада “өзін-өзі басқару” ұғымы белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің автономды функциялануын, өзінің ішкі проблемаларына байланысты шешімдерді қабылдауға құқылылығын білдіреді. Бұл мағынада өзін-өзі басқарудың қейбір деңгейі кез-келген кәсіпорын, мекеме, т.б. тән. Бірақ әлеуметтік көзқарас бойынша, яғни тар мағынада, өзін-өзі басқару – ұжымдық басқару, ұйымның барлық мүшелерінің сәйкес басқару органның жұмысына қатысуы, атқарушыларды шешімдерді қабылдау процесіне жұмылдыру болып табылады. Өзін-өзі басқару – бұқаралық, ұжымдық немесе топтық ауқымдағы әлеуметтік ықпалдың өнімі.

1.5 Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы

Қазіргі қоғамның дамуы жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік, саяси және экономикалық тұлғалар өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енеді. Осы процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың маңызын елеулі арттырады.
Әлемде жұмыс күшінде және біріккен еңбек құрылымында маңызды сапалық өзгерістер пайда болды. Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш атқарушылармен емес, мамандармен көп кездесетін болды. Қазіргі өндіріс өзінің технологиялық құрылысы бойынша кәсіби маманданған еңбекті кең пайдаланады. Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару шешімдерін іске асыруға шығармашылық ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді басқарады.

Әдебиеттер

1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.
2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.
3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.
4 Давыдов Ю.Н., Гайденко П.П. История и рациональность: социология М. Вебера и веберовский ренессанс. – М., 1992. – С. 147..
5 Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Очерки теории. – Новосибирск, 1991. – С. 65.