Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тіл мәдениеті және қазақ тілі стилистикасы мәселелері

Тіл - халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір құралы. Қазіргі кемелденген тіліміз халық таразысынан өтіп, тіл мәдениеті тұрғысында талқыланып, екшеліп, тереңдеп келеді.
Тіл мәдениеті - сауатты ойлау, сауатты жазу және оны орнымен қолданып, тиісті деңгейде әсерлі етіп қолдану. Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы мен сөз шеберлігі деген екі сатыдан тұрады. Сөз дұрыстығы - көпшіліктің мойындаған тілдік дағдысы десек, сөз шеберлігі - мағыналылық пен стильдік талапқа сай мәнерлілік. Тіл мәдениеті - біздің жоғары ойлау мен оны жеткізудегі мәдениетіміз.

Ұлттық тіліміздің мәдениетінің төмендеуіне төмендегіше жағдайлар себеп болуы мүмкін:

Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір - бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік құрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.

Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан - жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр.
Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былайша түйіндейді:

Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми құжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі.