Екінші деңгейдегі банктердің қызмет етуін ұйымдастыру негіздері
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай – ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР – дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байла-ныссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай – ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді талдау үшін төмендегідей көрсеткіштерді есептеуге болады.
Активтердің сапасы. Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты – банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі мен құнын дұрыс көрсетілгенін анықтау.