Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақшаның тарихи түрлері


Жоспар
Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні 5
2 Ақшаның қажеттілігі 8
3 Ақшаның формалары мен түрлері 11
4 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі 19
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол ХIХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындатуын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындатуы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

2 Ақшаның қажеттілігі
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақша пайда болмай тұрып көп елдерде ақша ретінде малды пайдаланды. Сондықтан латынның сөзі «пекуния» (ақша) деген сөз «пекус» (мал) сөзінен шыққан. Капитал сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономикалық әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихы категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

3 Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналысының тарихы ақшаның өзі біртекті көлем бола алмайтының дәлелдейді. Олар әрі шығуы бойынша және өмір сүрген уақыты бойынша, сондай-ақ айналыс жағдайлары бойынша алуан түрлілікте болады. Шындығынды ақша нысаны деп ақшаның белгілі бір тұрпатындағы затқа айналған айырбас құнын түсінеді, ол олардың айналыстағы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ақша түрлі тауар-баламаларға, асыл металдарға, борышқорлық міндеттемелерге, банк депозиттеріне айналып ақша нысанын құрайды. Ақша нысаны ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредит ақшалары белгілі.
Материалдық-заттай жағынан ерекшеліктеріне сүйеніп ақшаны толық бағалы және толымсыз деп шартты бөлуге болады.
Атаулы құны сатып алу қабілеттілігімен үйлесетін ақшаны толық бағалы деп атайды, яғни дайындалған кездегі көрсетілген құны оның құрамындағы металдың (күміс, алтын) құнына сәйкес болады. Оларға алтын және күміс монеталар жатады. Толымсыз ақшаға ақша қатынастарының иесі болатын сатып алу қабілеті тауар құнынан асып түсетіндер жатады. Толымсыз ақшаға барлық билон монетасы, қағаз және кредит ақшалар жатады.
Ақша өзінің тарихи даму эволюциясында мынадай кезеңдерден өтті:

4 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді.

Қорытынды
Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
3. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
4. Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
5. Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.