Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында
Жоспар
Кіріспе 3
I тарау. Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында 5
1.1. Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі 5
1.2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту 7
II тарау.Облыс ауыл шаруашылығына нарықтық қарынастардың енуі: жетістіктері және қиыншылықтары 28
2.1.Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы 28
2.2. Қиыншылық кезеңдегі облыс аудандарының қосқан үлесі 32
Қорытынды 45
Пайдаланылған әдебиеттер 47
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ауыл – қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүр мен ұлттық салт-санамыздың мөлдір бастауы, алтын бесігі.
Халық шаруашылығында ауыл шаруашылығы тарихи да күрделі орындардың біріне ие. Кезінде Қызыл армияны, империяны ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған да ауыл тұрғындары болатын. Кеңестер Одағы таратылғаннан кейінгі уақыттарда дағдарыстың ащы азабын тартып, ең көп жапа шеккен де солар. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгенмен, бұл мәселелер одан әрі ушыға түсті. Соңғы онжылдықтағы ауылшаруашылығы да біраз өзгерістерге толы болды. Өйткені, ол екі өзара сабақтас міндеттерді шешеді:
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын жасау барысындағы мақсат Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік алғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі оның экономикалық және саяси дамуына жан-жақты ғылыми талдау жасалды.Батыс Қазақстан еңбекшілерінің қызметін, шаруашылық,әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін деректер арқылы дәйектеп жеткізу.Сонымен қатар облыстың экономикалық және саяси даму барысында кездескен қиыншылықтардың себеп-салдарларын барынша ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс жазу барысында сол кездегі Батыс Қазақстан облысының экономикалық-саяси дамуын зерттеп,шолу жасау,қазіргі таңдағы қалыптасқан бағыттарды реттеп,оның мәні мен себебін ашу болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Еңбек мазмұны жағынан кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында
1.1. Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі
Еліміздің тәуелсіздік алған тұста бізге жантәсілім экономиканың сынығы ғана тиді, соның өзінде оны игеру мен зерделеу керек болды, өйткені республика бұрын өз әуелетін басқарып көрмеген еді. Кеңес Одағынан бізге, әлемдік қалыптарға мүлде сай келмейтін кәсіпорындар мен жабдықтары бар өнеркәсіп пен жағдайы жайсыз ауылдары мен селолары бар экстенсивті ауыл шаруашылығы мұра болып қалды. Жаңа экономикалық қатынастар бұрынғы басқару мен материалдық-техникалық қамту құрылымдарының жойылмауымен қатар жүрді. Бұл халық шаруашылығының барлық салаларында өндірістің құлдырауына әкелді.
1.2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту
Нарықтық қатынастарға көшудің облыстық концепциясы меншіктің жаңа қатынастарын анықтады. 1990 жылы Қазақстанның халық шаруашылығында экономикалық дағдарыстың күшеюі салдарынан, өндірістің құлдырауы, тұтыну нарығының тұрақсыздануы белең алып, бюджеттің тапшылығы сезілгендіктен облыстарда мемлекеттік мүлік комитеттері құрылды.
II тарау.Облыс ауыл шаруашылығына нарықтық қарынастардың енуі: жетістіктері және қиыншылықтары
2.1.Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы
Батыс Қазақстан – аграрлы облыс. Агроөнеркәсіп кешені өнімдері жалпы өндірістің 2/3-ден астамын құрайды. Мұның өзі облыс экономикасына аграрлық сектордың қосар үлесі қомақты екенін көрсетеді. Өтпелі кезеңде облыстың агроөнеркәсіптік кешені де елеулі қиыншылықтарды бастан кешірді. Нарықтық қатынастарға көшу, сатылатын шикізат бағасының либерализациялануы және өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдердің қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіне де кері әсерін тигізді. Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың әлеуметтік маңызы зор секторларының бірі. Агроөнеркәсіп кешенінің ұйымдық құрылым ауыл шаруашылығынан, балық, су шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету станцияларынан тұрады.
Қорытынды
Кең байтақ Қазақстан өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтуде.
Тарихтағы бұл қысқа уақытта өрлеу мен құлдырау да, жетістіктер мен кемшіліктер де болды. Әсіресе, мемлекеттің алғашқы құрылған жылдары жеңіл болмады, бұл салықтық және банктік жүйелердің жаңа түрлерін жасау, экономикалық қатынастарды қайта құру кезеңі еді.
Батыс Қазақстанның ХХ ғасырдың соңындағы ауыл шаруашылығының дамуында ірі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани және демографиялық өзгерістердің жүргізілгеніне толық көз жеткізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Қ. Бірімжаров «Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы 1946-2000 жылдарда»
2. Р.Егізбаев «Бүгініміз бен келешегіміз» Орал өңірі 1992ж,1 мамыр
3. Т.З. Рысбеков,Б.Қ.Бірімжаров,С.Б.Құрманалин,Ж.Ж.Жақсығалиев «Батыс Қазақстан облысының тарихы» Орал 2001
4. «Сапалы сусын өндіреді» Орал өңірі 2001,25 желтоқсан
5. «Кәсіпкерлікті мемлекет қолдайды» Орал өңірі 2001, 20 желтоқсан
6. «Ауыл шаруашылығы даму үстінде» Орал өңірі 2005, 23 тамыз
7. «Ауыл шаруашылығындағы оң бағыт» Орал өңірі 2004, 8 сәуір
8. « Өрісі кеңейіп келеді» 2004, 30 қараша
9. «Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар» Алматы: Қайнар 1994
10. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бүгінгі күн талабы»
11. Жайық үні 2004,12 наурыз
12. «Атқарылған іс аз емес,алдағы міндет одан да зор» Орал өңірі 2004, 26 ақпан
13. «Он жылдағы оң өзгерістер» 2001, 15 желтоқсан
14. «Ауыл шаруашылығы мәселесі әңгіме болды» Орал өңірі 2001, 20 қазан
15. «Бір шаруашылықтың кешегісімен бүгінгісі» Қазақстан ауыл шаруашылығы 1961,№5 14 бет
16. «Әкім сөйлеген сөз» Орал өңірі 2001,20 желтоқсан
17. «Батыс Қазақстанның егін шаруашылығы» Орал өңірі 2004, 20 қараша
18. «Еліміздің елулікке енеріне сенеміз» Орал өңірі 2006, 16 мамыр
19. «БҚО 2001жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеумметтік- экономикалық дамуы» Орал өңірі 2001, 23 қазан
20. «Дәстүрі бар өңірдің жолы даңғыл» Орал өңірі 1993, 26 тамыз
21. «Жаңа асуларды алу жолында» Орал өңірі 1991, 20 ақпан