Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 80 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Қарулы Күштері

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қазақстан армиясы 4
2 Қазақстан Армиясының қарулары 15
3 Тұңғыш қазақ генералы 21
Әдебиеттiң тiзiмi 80

Кіріспе
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”. Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында өздеріңе ұсынылып отырған библиографиялық құралдағы материалдардан білулеріңе болады.

1 Қазақстан армиясы
Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты. Бұрынғы КСРО–ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге айналды.

Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының негізінде құрылды. Оған “әскери жасақтарға бақылауды” жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды “назарда” ұстау міндеті жүктелді.

2 Қазақстан Армиясының қарулары
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті басты нысанаға алды. Біз кейбір әпербақан мемлекеттер сияқты өз билігіміз өзімізге тигеннен кейін де әскер жасақтауға, қару жинауға жанталаса кіріскен жоқпыз. Бұл бітімгерлік шараны бүкіл әлем мойындады. Алайда, айналамызда дүркін-дүркін лапылдап жатқан соғыс ошақтары қауіп ойлатпай және тұрғызбайды. Ендеше, осындай алмағайып кезде қаннен қаперсіз отыру мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болмақ.

Қазіргі таңда Қарулы Күштерімізде 2500 ірі калибрлі минометтер, 495 оперативтік-тактикалық зымырандар құрылымы, 292 зенииттік зымырандар бар екені белгілі. Бұлар алысты көздейтін, қирату аймағы үлкен, жойқын қарулар. Ал жаяу әскерлер пайдаланатын қарудың негізгі түрі РПГ-7 гранотометтер болып келеді. Негізінен, РПГ-7 гранатометі КСРО Қарулы күштерінің қару-жарақ сапына 1961 жылдан бастап енді. Бұл әсіресе партизандық құрылымдарға таптырмайтын қару. РПГ-7 гранатометінің нысананы көздеу қашықтығы 250 метр болса, соңғыларінікі 520 метрге

3 Тұңғыш қазақ генералы
Ғұбайдолла Жәңгіров Ресейдегі алғашқы әскери телеграф байланысын жолға қойған, Ресей империясы қарулы күштері байланыс әскерлерінің тұңғыш басшысы болған, қазақтан шыққан алғашқы генерал еді.
Әсіресе, орыс-түрік соғысы кезінде оның әскери дарыны айрықша көзге түсті. Орыс-түрік соғысы әскери байланыс жүйесінің арнаулы бір түрі ретінде жасақталып, шұғыл дамуына да көп септігін тигізді. Әскердің бұл түрі ұлан ғайыр соғыс сахнасындағы бүкіл іс қимылды басқарып отыруды жетілдіре түсуге тіпті, жеңіске жетуге айтарлықтай үлес қосты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, Республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
2) мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Қорғаныс министрлігінің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

Қазақстандық саяси қызметкерлер Г.Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды. Партизандар командирлері А.С.Егоровқа, Н.В.Зебницкийге және Ф.Ф.Озмительтге (өлгеннен кейін) Кеңес Одағының батыры атағы берілді.


Әдебиеттiң тiзiмi
Сүлеймен Ғ. Ішкі әскерлердің өз туы бар // Егемен Қазақстан.- 1997.- 25 қазан(N210).- Б.3
Алтынбаев М. Кәсіби армия - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі // Егемен Қазақстан.- 2006.- 25 қазан(№260-263).- Б.4
Алтынбаев М. Қазақстандық жауынгерлер қаһарман майдангерлердің өнегесімен өз борышын өтеуге әзір // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр.- Б.2
Алтынбаев М. Қазақстанның кәсіби армиясы - жаңа мыңжылдықтың армиясы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 6 мамыр(№101-102).- Б.1, 5
Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері және оның түрлері // Қазақ тарихы.- 1999.- N3.- Б.14-19
Әбділда Б. Әскер - ел қорғаны // Алматы ақшамы.- 1997.- 17 қазан
Әлиханұлы Ж. №1 Халық Қаһарманы: Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгіме // Егемен Қазақстан.- 2006.- 16 желт.(№311-314).- Б.9
Жеңіс жолының жалғастығы: (7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні. 1992 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған тәуелсіз еліміздің төл әскері 13 жаста. Қаз. Рес. Қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаевпен сұхбат; Әңг.: Ж.Самрат) // Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 мамыр(№97) – Б.99
Жұмабекұлы С.»Террористерді» тыпыр еткізбеді. Қазақстан қарулы күштерінде // Егемен Қазақстан.- 2000.- 29 сәуір.- Б.4
Қазақ генералдары...ҚазақстанРеспубликасы Қарулы Күштеріндегі қазақ генералдары: (Осы жылдың тамыз айындағы дерек бойынша) // Ана тілі.- 1997.- 18 қырк.(N38).- Б.6
Қожа А. Иә, генерал Зайсанов Моңғолия әуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған // Егемен Қазақстан.- 2003.- 24 қырк.- Б.6
Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы// Егемен Қазақстан.- 2005.- №12 қаңтар(№6).- Б.4
Мәди А. Қазір он үміткердің біреуі ғана әскерге шақырылады // Алматы ақшамы.- 2006.- 5 желт.(№140).- Б.8
Мұхаммед- Қари Қ. Шәкірттерін ел қорғауға шыңдаған.: [Қазақстан Республикасы қарулы күштері Әскери академясының президенті генерал-майор Абай Бәлекбайұлы Тасболатовпен сұхбат] // Жұлдыз.- 1997.- N10.- Б.151-153
Назарбаев Н. Әскеріміздің мәртебесі арта берсін!: [Қазақстан Қарулы күштеріне - 5 жыл] // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр.- Б.1
Нұрмағамбетов С. Бір тәулік сөйлесіп, қазақ жігіттерін оқытуға Мәскеуді зорға көндірдім: / Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, тұңғыш Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгімелескен Б.Мерекенова // Алматы ақшамы.- 2006.- 6 мамыр(№51-52).- Б.8-9
Сандар сауал тастайды: [Қазақстан бойынша:Халыққа білім беру; Экономика; Мәдениет; Денсаулық; Демография; Қаз.қарулы күштері; Сәулет; «Бөбек» қоры балаларға // Парасат.- 1997.- N1.- Б.4-5
Смайыл Е. Қорғаныс министрі: Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев туралы бірер сөз // Егемен Қазақстан.- 2006.- 11 мамыр(№103).- Б.3
Смайылов Ә. Әлем елдері және әскери ынтымақтастық // Егемен Қазақстан.- 2006.- 6 желт.(№300).- Б.3
ТАСС. Қытаймен әскери ынтымақтастықтың жаңа тарауы ашылады // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 қазан.- Б.1