Инвестиция тарту жолдарын арттыру
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны 7
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер 14
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру -инвестициялық тартымдылықты арттыру негізі 22
2 «МАҚТАРАЛ» АҚ-Ң ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ 31
2.1 «Мақтарал» АҚ-ң экономикалық қызметін талдау 31
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау 46
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 51
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру 51
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары 57
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 66
КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан геосаяси және ұлттық тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде «Қазақстан – 2030» ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.
- «Мақтарал» АҚ-ың инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.
- «Мақтарал» кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым- экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.
Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды/4/.
Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру -инвестициялық тартымдылықты арттыру негізі
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
2 «МАҚТАРАЛ» АҚ-Ң ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 «Мақтарал» АҚ-ң экономикалық қызметін талдау
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бұрынғы атауы Славяндық мақта тазалау зауыты 1939-1943 жылдар аралығында Велико-Алексей мақта зауытының еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. 1943 жылдан бастап бір жүйелі зауыт болып, жылына 4 мың тонна мақта – талшықтарын шығарып отырды.
1958-1960 жылдар аралығында зауыт реконструкцияландырылып, соның нәтижесінде жаңа ғимарат салынды. Онда екі тығыздаушы құрал – жабдығы, ХДД-80 агрегаты, 4 ХЛП маркасындағы батарея, 18 СДЛ жабдық орнатылды. 1965 жылы ПО-160 маркалы лентер сондай-ақ 2 СБ-10 маркалы кептіргіш барабандармен жабдықталды. 1968 жылы жаңа тазалау цетары салынып, зауыттың қуаттылығы жылына 12 мың мақта талшығын шығаруға мүмкіндік алды. Кеңестік шаруашылық жүйесінің шешімімен 1983 жылы зауыт қайта жарақтандырылып ЛП-1 желісімен, атақты «мехнат» және қосымша 2 СБ-10 кептіргіш барабанымен жабдықталады. Сол кезеңде зауыт өнімділігі 18 мың тоннаны құрады. 1994 жылы сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік жөнінде комитеті «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы болып құрылған кәсіпорынға мемлекеттік акция пакетін басқаруға тендер жариялады. Оны «Айша-бибі» өндірістік кооперативі жеңіп мемлекеттік акция пакетінің 65,1 пайыздық көлемін сенімгерлік басқаруға алады. 1999 жылы тамыз айында сенімгерлік басқару бойынша міндеттемілерді жақсы орындағаны үшін мемлекеттік акция пакеті өтеусіз беріледі. Қалған 34,9 пайыз көлеміндегі акция еңбек ұжымының меншігінде болды. Осы жылы зауыт қайта жарақтандырылып цехтағы ДА-82-39 маркалы механикалы жабдықтарды гидравликалық ДБ-82-37 маркалы жоғары өнімділіктегі құрал-жабдықтармен алмастырылады.
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
«Мақтарал» АҚ-ы бәсекелестік қабілетін жоғарлату мақсатында кәсіпорынның реконструкциясымен, қайта жарақтанудың техникалық іс шараларының жүргізуі қажет. Осы бағытта инвестициялық қызметін жандандыру яғни кәсіпорынның инвестициялық тартымдығын арттыру қажеттілігі алға шығуда. Осыған орай АҚ-да инвестициялық жоба жасалынды. Бірінші кезеңінде кәсіпорынның ескірген негізгі құралдарын жаңартып, қазіргі қолданыстағы құрал-жабдықтарды монтаждау ісін қарастыруда. Сондай-ақ екінші кезеңде шетелдік жоғары технологияны қазіргі кезеңге сай құрал-жабдықтарды іске қосу. Бұл өз кезеңінде шикі мақта өңдеуді жылына 20 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деген ұстанымдар бар. АҚ басшылығының бұл шешімдерін негіздеу барысында мамандар шақыра отырып. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, инвестициялық жоба жасалынды. Бұл жобаны жасаудың негізделуі:
«Мақтаарал» АҚ-ның басшылығының шақыруымен мамандардың есептеулері бойынша кәсіпорынға инвестиция тарту мақсатында барлығы 60000 мың теңге қаражат қарстырған. Оның 50000 мың теңгесі көлеміне жаңа технология желісін сатып алуды қарастырған. Меншікті айналым капиталын 10000 мың теңгеге өсіру көзделіп отыр.5 жылға есептелінген бұл жобаның Соңғы бесінші жылы есептелінген нақты қаражаттарды мамандардың есептеулері «Мақтаарал» АҚ-ның деректері бойынша 32330 – 12500 = 1380 + 3275 = 4655 мың теңгені құраса, технологияның қалдық құны 3275 мың теңге болып отыр. Бұл қалдық құн пайдалану мерзімінен кейін, яғни бес жылда 10% құрауы мүмкін деген есептен шығады. Ал қалдық құн шығындары 5% есептелген. 5000*0,5=250 мың. Сонда операциялық табыс 5000-250=4750 мың теңге, бұдан алынатын кәсіпорын салығы ҚР салық кодексі бойынша 30%. 4750*0,30=1425 мың теңге. Таза қалдық немесе жою құны 500-1425 = 3575 мың теңге бойынша болып отыр. Бұл дегеніміз инвестиция әсері (эффектісі) 3575 мың теңгені құрайтынын көрсетеді. Жалпы «Мақтарал» АҚ-ның инвестициялық жобасын талдау барысы кәсіпорынның инвестициялық қаржыландырудың несиелік немесе қарыздық кәсіпорын мүлкін кепілге беру саясаты басшылықтың үлкен жауапкершілікке баратындығын көрсетудегі әдіс- намалық шараларды қолдануы мүмкін.
4-кесте- «Мақтаарал» АҚ-ның инвестиция тарту мақсатында есептелінген инвестициялық жобасы.
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру
Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған «Қазақстан-2030» Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымы алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi. Шетелдiк тiкелей инвестициялардың жыл сайынғы таза арасалмақ түсiмi орташа алғанда ЖIӨ-нiң 8-10% құрайды. Ендi инвестициялар бiздiң ғарыштап алға дамуымызға соңғы серпiн беретiн күшке айналып отыр/43/.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк потенциалды құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда «жаңа индустриалды елдер» атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды. Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) жатады.
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған-ды. Инвестициялық жобалардың табысты іске асу мақсатында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін , жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингтік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады деп санаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын «жалпы күрделi салымдар» түсiнiгi қолданылады.
Инвестициялық iс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да инвестициялық iс-әрекеттi жандандыру әрдайым өзекті мәселелердiң бiрi болып табылады.
Елдiң экономикалық өсуiнiң орнықты қарқынына қол жеткiзу үшiн тiкелей инвестициялардың қуатты құйылуын қалыптастыру қажет. Бұл үшiн мына негiзгi мiндеттер орындалуы тиiс:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
1. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: Білім, 1998.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006 жыл, 1-наурыз.
3. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.
4. Богатов В.В. Инвестиции: Инвестиционный портфель. Источник финансирования. Выбор стратегии. СПБ: Питер 2003г.