Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы, климаты

Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.

Атмосфера айналымы. Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi.

Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемi республиканың ылғалы ең мол бөлiгi. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 — 315 мм-ге дейiн, оның 80%-ы жылдың жылы мезгiлiС-тан жоғары орташа тәулiктiк ауа темп-расының жылдық°нде жауады. 10 С. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 160—170

Су қоры. Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бiрi — жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған.

Өзендердiң лайлылығы жөнiнен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедерiне және өзен егiстiгiнiң шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат


Жылда табиғи жолмен жаңарып (орны қайта толып) отыратын қорларының шамасы 43 км3/жылға тең. Осы қорлар негiзiнде жер асты суларының пайдалануға болатын әлуеттiк (потенциалдық) қоры 53 км3/жылға жетедi. Мұның 16 км3/жылдайы барланған (2000). Қазақстандағы Алакөл артезиан алабы, Бетпақдала артезиан алабы, Каспий маңы артезиан алабы, Қаратау артезиан алабы, Қызылқұм артезиан алабы, Маңғыстау артезиан алабы, Мойынқұм артезиан алабы, Солтүстiк Қазақстан артезиан алабы, Сырдария артезиан алабы, Торғай артезиан алабы, Ұлытау артезиан алабы, т. б. жер асты суының iрi қорлары саналады.