Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіби дене дайындығының тарихи даму аспектілері

Кадрлар қорын дайындау негіздерінің бірі - дене тәрбиесі. Дене тәрбиелеудегі басты мақсат - денсаулығы мықты, сапалы кәсіби маман дайындау. Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының мақсаты студенттер мен тыңдаушыларға нақты қолданбалы білім беруді қалыптастыру, психикалық қабілетін жетілдіру және дене - күш қабілеттерін арттыру арқылы болашақ маманның жұмысқа дайындығын қалыптастыру [1].
Елбасымыз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерді айрықша көрсетіп, даралап берді. Онда ең басты жауапты міндеттердің бірі - еліміздің өсіп өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Бұл игі істердің бәрі ұрпақ қамы. Еңсесі биік, тұғыры кен болашақ алып мемлекетіміздің азаматтары қандай болуға тиісті немесе қалай етіп тәрбиелеуіміз қажет. Бұл - қоғам талабы.

Белгілі бір кәсіби қызметке бейімделу осы қызметке қажетті білімді, дене, психологиялық және жеке сапаларды, қозғалыс машықтары мен шеберлікті оқытуды, тәрбиелеу мен қалыптастыруды көздейді [2].
Күресу және өзін - өзі қорғау машықтарын қалыптастыру кезінде оқушылардың тәсілдерді жетілдіру жөніндегі интенсивті жүктемелерге дайындалған дене сапаларын дамытудың белгілі бір деңгейі болуы тиіс [3,4],
Кәсіптік қолданбалы дене дайындығы құралдары арқылы адамның кәсіби қабілеттерін мақсатты қалыптастыру оларды мамандықтың ерекшеліктерін, еңбек жағдайын, қызмет сипатын, адамның жеке ерекшелігі мен қабілетін зерделеу негізінде жасалған жобаланған үлгі бойынша жандандыруды көздейді [4].

Дене тәрбиесі әрқашан адамды енбекте және әлеуметтік ортаға баулу Құралдарының бірі болды. Ежелгі дәстүрлі көріністерде аңшылық пен еңбек процестерін ойын түрінде бейнелеу - қоғамның дамуының бастапқы сатынарында адамдардың денесін шынықтыру мен еңбек дағдысын жетілдіру құралдарының бірі болды. Уақыт өткен сайын адамдар қарапайым ойындарда дене қозғалыстары мен еңбек процестеріндегі қолданылатын әдістерді, ережелері бар ойыңдар түрінде және қазіргі заманғы спорт түрлері мен дене тәрбиесі жанығуларында қолданылатын спорттық құрал - жабдықтарды, снарядтарды жасауға көшті.