Екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу
Жоспар
1 Екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу 3
1.1 ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу тәртібі 3
1.2 Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері 10
Қолданылған әдебиеттер 23
1 Екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу
1.1 ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу тәртібі
ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып табылады. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді. ҚҚА өз қызметін 2004 жылы 1 желтоқсаннан бастады.
ҚҚА міндеттері:
- қаржы қызметін тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын іске асыру;
- шынайы бәсекелестік қағидалары негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуіне тең жағдай жасау;
- қаржы ұйымдарының қызметін реттеудің және қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, қабылданған міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану.
ҚҚА атқаратын қызметі мен құзыреті:
Несиелік мекемелердің қызметтері өзара байланысты болғандықтан оларды барлық бағыттар бойынша мемлекет реттеп отырады. Белгілі бір кезеңдерде мемлекет қоғамның несиелік жүйесіне кейбір бағыттардың ықпал-әсерін күшейте алады.
Көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде орталық банктердің саясаты ең алдымен коммерциялық, жинақтаушы және өзге де банктерге қатысты болады да мынадай формаларда жүзеге асырылады.
Есеп саясаты. Ол коммерциялық вексельдерді (кепілхаттарды) есептеу мен қайта есептеуден тұрады, ал оларды банк секторы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғын халықтан өздері берген несиелерді қамтамасыз ету ретінде алады да Орталық банкке өткізіледі. Орталық банк алынған вексельдерді төлеу үшін несие береді және қайта есептеуде алынатын ресми есеп мөлшерлемесін, яғни пайызын белгілейді. Есеп саясаты банк секторындағы кез-келген беделді мекеменің несие лимитін қалыптастыруға бағытталады. Несиенің барлық түріндегі өзге несие бәсі есеп саясатынан туады.
1.2 Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл – қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі механизмі 1-суреттегі тәртіппен жүзеге асырылады.
Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселелерінің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін «алдын ала ескерту жүйесі» ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау банктің алдында тұрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.
Қашықтан қадағалау мен инспекциялау жалпы қабылданған әдістері болып саналғанмен, пруденциялық қадағалау осы екі әдісті қатар жүргізуді қажет етеді.
Қашықтан қадағалаудың артықшылығы – онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына, оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
2-сурет. Инспекциялық қадағалау механизмі
Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар мен банктік тәуекелдерді білетін жоғары білікті мамандардан тұратын топ немесе топтарды құруы қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуекелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға негізделеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред – Алматы: Экономика, 2001-465 бет.
2. Банки и банковские операции: Учебник/Под ред. проф. Е.Ф.Жукова – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2003.- 600с.
3. Банковское дело / Под. ред. О.МЛаврушина. – М: Финансы и статистика, 2002 – 576 с.
4. Деньги, кредит, банки /Под ред. Лаврушина О.И. – М: Финансы и статистика, 2001 – 464 с.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы «Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы» № 2155