Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы

Мазмұны
Кiрiспе 3
1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу тарихы 4
2. Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы 9
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кiрiспе
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу тарихы
Тарихи тұрғыдан халықаралық валюта жүйесі XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. Дамыған елдердің көпшілігіңде халықаралық есеп айырысу және төлем үшін қолданылатын тұрақта алтын-валюталық стандарттар орнықты. Халықаралық есеп айырысуда міндетті түрде пай¬даланатын алтынның белгілі салмақ бірлігі мен тазалығы көрсетілген алтын стандартты (үлгі, қалып) енгізіп, монеталарды еркін құю және оларды басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін алтынмен қамтамасыз ету т. б. шаралар алдын ала қарастырылды.

2. Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
• экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім - ақшадан;
• тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
• келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;

Қорытынды
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2. Долан Э.Дж., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель/Пер.с англ. Под общ.ред. Б. Лисовика и В.Лукашевича и др.-М., 1996.
3. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
4. Курс экономической теории /Под общ.ред.проф.Чепурина М.Н., проф.Кисилевой Е.А.- Изд-во «АСА». Киров 1995.
5. Макконнелл К.Р.,Брю С.Л.Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т., пер.с англ. 11 изд.Т.1,2.-М.: Республика, 1992.
6. Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.
7. Хейне Пол Экономический образ мышления.- М., Изд-во «Дело» 1992.
8. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
9. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.