Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Ломбардтық несие


Жоспар
1 Ломбардтық несие 3
1.1 Құнды қағаз кепілдігімен берілетін ломбардтық несие 3
1.2 Тауарлардың кепілдігімен берілетін ломбард несиесі 6
1.3 Ордерлік қойма куәлігі 7
1.4 Талап кепілдігімен берілетін несие 8

1 Ломбардтық несие
Оңай сатылатын (жылдам өтетін) мүліктің кепілге салынуы ломбард несиесі деп ұғылады әрі мұндай несие түрінің құқығы ежелден бар, әсіресе, Солтүстік Италияда (Ломбардияда) кеңінен тараған болатын.
Қымбат металдар мен тауарлар оны қамтамасыз етүші ретінде қызмет етті. Кейін өсімқорлар ломбардты ақшаны жылжымалы мүліктің кепілдігімен беретін несие мекемелеріне айналдырды.
Алғашқы ломбардты Италиядан шыққан келісімсек XV ғасырдың екінші жартысында Францияда құрды. Содан соң ломбардтар Еуропаның әр түрлі елдерінде пайда бола бастады.

1.1 Құнды қағаз кепілдігімен берілетін ломбардтық несие
Ломбардтық несиенің бұл формасы шетелдік банк іс – тәжірибесінде ең маңызды форма ретінде саналады. Кепілдікке тек қор биржасында бағасы белгіленген құнды қағаздар ғана қабылданады. Мұндай несиелік қызметті көбінесе үкіметтің құнды қағаздармен операция жасайтын дилерлер мен өз клиенттерінің құнды қағаз сатып алуын қаржыландыратын брокерлер пайдаланады.
Оның үстіне, құнды қағаз сатып алуы үшін жеке тұлғалар да ссуда сұрап, банкке жиі өтініш түсіреді.

1.2 Тауарлардың кепілдігімен берілетін ломбард несиесі
Несиенің бұл түрі көбінесе заңды тұлғаларға беріледі. Ломбард несиесін беру барысында кепілге салынатын зат ретінде биржада сауда – саттық жүргізуге жарайтындай бағасы салыстырмалы түрде тұрақты тауарлар ғана пайдаланылады. Бұған, мысалы, астық, қант, кофе және т.б. жатқызуға болады.
Германия банктері кепілге салынатын зат ретінде биржалық және биржалық емес тауарларды да қабылдай береді. Тауардың түріне қарай олардың кепілдікті бағасы олардың құнының 50 – ден 60% - ке дейінгі шегінде ауытқиды.
Банкке биржалық тауарларды кепілге салу қарыз алушыларға әлдеқайда қолайлы. Бұл жағдайда оған банкке тауарларды сараптау және бағалау жұмыстарының шығынын өтеудің қажеті болмайды, оның үстіне, биржалық тауарлардың бір ғана қарыз сомасын қамтамасыз ету үшін оларды биржалық емес тауарларға қарағанда біршама аз сомада кепілге салуды қажет етеді.

1.3 Ордерлік қойма куәлігі
Ордерлік қойма куәлігі – бұл сақтаушының мүлікті қабылдағанын растайтын және сақтаушы оны қойма куәлігімен бірге беруге міндетті құжат.
Бұл құжаттың кеңінен пайдаланылуының бір себебі – ордерлік қойма куәлігін беру құқығы бар сақтаушыға қойылатын айрықша талап.
Бұл құқықты беру жөніндегі шешімді арнайы мемлекеттік мекеме шығарады.
Мүдделі кәсіпкер мұндай құқықты алу үшін өзіне қатысты ақпараттарды ұсынады: кәсіпорынның жарғысы, сауда тізілімінен үзінді көшірме, басшылардың тізімі, сақтау орнын иеленудің құқықтық негізі, сақтау орнының техникалық сипаттамасы, сақтаушыға қызмет көрсету жөніндегі ереже, қызмет көрсетудің тарифі, соңғы үш жылдың тексерілген жылдық балансы және бірқатар өзге де мәліметтер.

1.4 Талап кепілдігімен берілетін несие
Кепілге әр түрлі қаржылық талаптар салынуы мүмкін, мысалы, сақтандыру келісімшарты бойынша талап; еңбекақы, ипотека төлемінің талабы; жылжымайтын мүліктің кепілзаты туралы тіркелімдегі жазбалар. Талаптың кепілдікті бағасының шекарасы талаптардың түрлері бойынша ажыратылады, алайда тұтастай алғанда олардың деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болады.