Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында

Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы казак халқының ерлігі, жеңіске қосқан үлесі Қазақстан тарихындағы жас ұрпақ үшін үлгі-өнегеге толы жарқын беттердің бірі болып табылады. Бұдан 65 жыл бұрын дүние жүзі тарихында ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1945 жылы 9-мамырда Герман милитаризмі жеңілгенін ресми жариялады. Фашистік Германияны жеңу үшін қазақстандықтардың қосқан үлесін, олардың орны толмас шығынын естен шығаруға болмайды.

1942 жылдың бас кезінде Қазақстаннан майданға үш атқыштар және бір атты әскер дивизиясы, бір атқыштар бригадасы аттандырылды. Олар: 8-атқыштар дивизиясы (Семейде құрылған), 29-атқыштар дивизиясы (Ақмолада құрылған), 38-атқыштар дивизиясы (Алматыда құрылған) және 152-атқыштар бригадасы (Оралда жасақталған), 81-атты әскер дивизиясы (Жамбылда құрылған).

1941 жылы 13-карашадағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің алғашқы жоспары бойынша Қазақстан территориясында республика ресурстарынан 5-атты әскер дивизиясы, 4 ұлттық атқыштар дивизиясы және 4 жекелеген ұлттық атқыштар бригадасы құрылу керек еді, бірақ бұл жоспар көптеген себептерге байланысты орындалмады. Тек ұлттық 100, 101- атқыштар бригадалары, 105, 106,96- атты әскер дивизиялары құрылды.
Атқыштар бригадаларындағы адам саны 4356-дан 6000-ға дейін жетті. Онда 3-4 атқыштар батальоны, артиллерия және миномет дивизиондары мен басқа да бөлімдер болды.

Деректер бойынша республикамызда 1941-1945 жылдары барлығы 27 әскери оқу орны болыпты. Соғыс жылдары бұл училищелерде 16000 офицер, 10,5 мың сержант оқып, 10000-нан аса түрлі мамандар дайындалып, майданға аттандырылды.
Жоғарыда дайындалған әскери мамандарға қоса Қазақ КСР-і майданға 14952 запастағы офицерді жіберді. Бұл соғыстың басталған уақытында есепте тұрғандардан 2 есе көп. Жалпы алғанда республика офицерлерінен (әскери оқу орындарын қоса есептегенде) соғыс жылдары 42439 адам майданға аттанды. Оның 8146-сы қазақ.