Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Делопроизводство

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Полный просмотр работы

Іс қағаздары компьютерде басуда ескерілетін емле ережелері

Жоспар
1 Қазақстан Республикасының Конституциясындағы тіл туралы баптар 3
2 Басқару құжаттары 6
3 Тілдің стильдік тармақтары 10
4 Құжаттардың реквизиттері 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

1. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы тіл туралы баптар
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Сондықтан басқару құжаттарын үлгі негізінде жасаймыз. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқауларды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті. Жекелеген жағдайларда бағыныштылығына байланыссыз ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы мүмкін.
Бұйрықты дайындаудың мынадай кезеңдері болады:

2 Басқару құжаттары
Басқару құжаттарына бұйрық, өкім, нұсқау, қаулы, шешім жатады.
Үшінші кезең – мәтінді дайындау.
Бұйрықтың міндетті түрде "не туралы?" деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы, "кәсіпорынды тарату туралы", "Бас бухгалтердің лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізу турал", "Басқа жұмысқа ауысу туралы" және т.б. "Кәсіпорын бойынша бұйрық" немесе "Бас директордың бұйрығы" деген сияқты тақырыптарды пайдалануға болмайды.
Бұйрықтың мәтіні өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Бұйрықты шығарудың негізін көрсететін, бейнелейтін бірінші бөлікте:

3 Тілдің стильдік тармақтары
Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.
Ресми құжат – тұтас құрылым, сондықтан онда:

4 Құжаттардың реквизиттері
Негізгі реквизиттердің орналасу тәртібі
Мекемелер, ұйымдар немесе кәсіпорындар өздерінің құжаттарын бланкілерге ресімдейді. Бланкі негізінен А4 немесе А5 форматты қағаздың бетіне жасалады. Бланкілерде құжатты құрастырушының заңды атауы алдын-ала жазылып қойылған. Бланкілердің оң жақ және жоғары жиектерінің өлшемдері – 10 мм, ал сол жақ және жоғары жақ жиектері – 20 мм болуы керек.