Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қаржы жүйесі


Жоспар
Кіріспе 4
1 Қаржы жүйесі, оның құрылымы және тұрақтандыру әдістері 6
1.1 Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары 6
1.2 Мемлекеттік бюджет және оны ұйымдастыру 9
1.3 Қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістері 11
2 Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы жүйесін талдау 15
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау 15
2.2 Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері 18
2.3 Жапония мен Қазақстан республикасының қаржы саясатының салыстырмалы сипаттамасы 23
3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары 30
Қорытынды 39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 42

Кіріспе
«Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі - қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деп Н. Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады [1].
Қазақстанның қаржы жүйесін халықаралық эксперттер прогрессивті жүйелердің бірі деп бағалаған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Ұлттық қор құрды. Бұл қор елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына, сыртқы жағымсыз факторлардан тәуелді болу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Ұлттық қор 5 миллиард 300 миллионды құрайды. Елдің алтын валюта қоры Ұлттық қорды есептегенде 14 млрд. АҚШ долларын құрайды [2].

Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
 қаржы жүйесін талдаудың теориялық негізін қарастыру;
 мемлекеттің қаржы саясатын қарастыру, оны Жапонияның қаржы саясатымен салыстыру;
 нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастардың дамуын айқындау және қаржы жүйесін тұрақтандырудың әдістерін қарастыру.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында мынадай дерек көздері қолданылды–монографиялар, оқу құралдары, статистикалық жинақтар, түрлі басылымдар және ақпараттық сайттар.
Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері; қаржы-несие жүйесін қалыптастырудағы әлемдік тәжірибе; дамыған және дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің қаржы жүйесінің дамуы, құру қағидалары қолданылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспе, үш бөлім, жеті параграф, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 Қаржы жүйесі, оның құрылымы және тұрақтандыру әдістері
1.1 Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1-сурет. Қаржы жүйесінің құрылымы
Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

1.2 Мемлекеттік бюджет және оны ұйымдастыру
Қаржы жүйесінің негізгі буындарының бірі мемлекеттік бюджет болып табылады. Оның көмегімен үкімет қаржылық әдістермен қайта бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігін өз қолына шоғырландырады. Бұл буынға ірі кірістер мен экономикалық және саяси қатынастардағы шығыстар кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мынадай баптардан құралады: ҚҚС, акциздер (жанама салық), бірлестіктрдің, кәсіпорындардың, ұйымдардың табысына салынатын салық, тұрғындардан алынатын салықтар (табыс салығы, кәсіпкерліктен түскен табысқа салық), мемлекеттік баж, жергілікті салықтар мен кірістер, сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін табыстар (кедендік, импорттық баждар), табиғи ресурстарға төлемдер,ҚР Ұлттық Банкінің түсімдері, жер салығы, ренталық төлемдер және т.б.
ҚР мемлекеттік бюджетінің шығыстарына мыналар жатады: ұлттық шаруашылықты қаржыландыру (АӨК, транспорт т.б.), әлеуметтік-мәдени іс-шараларды қаржыландыру, қорғаныс пен ғылымды қаржыландыру, мемлекеттік билік органдарын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарын қамтамасыз етуге арналған шығындар.

1.3 Қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістері
Мемлекеттік бақылау – мемлекеттік органдар шығаратын заңдар мен өзге де құқықтық актілердің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік биліктің мемлекеттік реттеудің формасы. Мемлекеттік бақылауды түрлі органдар жүргізеді: парламент, есептік палата, конституциялық сот, сайлау комиссиясы, үкімет пен министрліктердің бақылау-инспекциялық органдары және т.б. Сәйкесінше олар парламенттік бақылау, қаржылық бақылау, конституциялық бақылау және т.б. болып бөлінеді.
Қаржы жүйесін мемлекеттік бақылаудың ең негізгі мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық және мемлекеттегі және шетелдегі бар құрылымды нығайту болып табылады. Осы негізгі мақсаттан көптеген нақты мақсаттар туындайды, солар арқылы негізгі мақсат орындалады.
Экономиканы мемлекетттік бақылау объектілері олар шешетін міндеттер деңгейіне байланысты. Бұлар келесі деңгейлер: фирма, өңір, салалар деңгейі; экономика секторлары (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, қызмет көрсетулер); жалпы шаруашылық; жаһандық (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық шаруашылықтан жоғары деңгей (шетелдермен саяси - экономикалық қатынастар, интеграциялық үдерістер).

2 Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы жүйесін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасында макро - және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына аяларынан тұрады:
 мемлекеттің бюджет жүйесі;
 арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
 мемлекеттік несие;
 жергілікті қаржы;
 шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
 халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

2.2 Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері
Жапонияның қаржы жүйесі орталық үкімет бюджетінен, жергілікті билік бюджетінен және арнайы қорларды, орталық, жергілікті билік органдарына жататын кәсіпорындар, корпорациялар шотын біріктіретін арнайы шоттардан тұрады.
Жапонияда бюджет жылы 1 сәуірден 31 наурызға дейін жалғасады. Бюджет кірістері мен шығыстары белгілі бір бөлімдерге, тарауларға, параграфтарға бөлінеді. Кірістер 7 тарауға, 11 бапқа, 43 параграфқа, ал шығыстар 13 тарауға, 41 бапқа, 242 параграфқа бөлінеді. Бюджет жобасын дайындауды қаржы министрлігі мен оның департаменті жүзеге асырады. Өзге министрліктер мен ведомостволар өздерінің бюджет құрылымы мен көлеміне байланысты ұсыныстарды, сонымен қатар, өзге де қаржыға қатысты сұрақтары болса, дайындап, сәйкес құжаттарды 31 тамыздан кешіктірмей қаржы министрлігінің бюджет департаментіне жібереді. Қыркүйек және желтоқсан айлары ішінде бюджет департаменті келіп түскен материалдарды қарастырып, бюджет жобасы негізінде құрастырады. Жоба экономикалық жоспар басқармасына жіберіледі, содан соң министрлер кабинетінің қарауына жіберіледі. Түзетулер енгізілген соң, үкімет қаңтар айында бюджет жобасын парламент қарауына жібереді. Бюджеттік комиссияның талқылауынан кейін, парламент бюджетті заң түрінде бекітеді.

3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан қаржылық тұрақтылықтан кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жеке стратегиясын жасай отырып, елеулі жетістіктерге жетті.
Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын және нарықтық инфрақұрылымның құралдарын дамытуға жұмсалды.
Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан соңғы жылдары отандық тауар өндірушілерді қолдау, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру, әлеуметтік және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен елеулі қаражат бөлінді.
Мемлекет қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру.

Қорытынды
Ғылыми-зерттеу жұмысында қабылданған мәселені зерттеу негізінде төмендегідей тұжырымдар жасалды:
1. Қаржы жүйесі өзінің құрамына кіретін элементтердің тығыз байланысын көрсетеді, бірде – бір элемент өздігінен қызмет атқара алмайды. Бір жағынан, қаржы өндірістік қатынастардың бір бөлігі саналса, екіншіден, ол өзінің белгілі бір атқаратын қызметтері бар элементтендің жүйесі ретінде көрініс табады. Қаржы жүйесінің бөліктері ретінде салық, бюджет, қаржылық жоспарлар, сметалық қаржыландыру, қаржылық көрсеткіштер жүйесін атауға болады.
Функционалды белгілерінен басқа қаржы жүйесін жіктеу қаржы субъектілері бойынша да жүзеге асырылады. Мұндай жіктеу қаржы жүйесін буындарға бөлуге мүмкіндік береді.
Буындар жоғарғы санат элементтерінен тұрады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай түрі қаржы жүйесін интеграциялық тұрғыдан сипаттайды.