Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Өндірісті басқарудың


Мазмұны
Кіріспе 3
1 – тарау. Теориялық бөлім 4
1.1 Қолдану саласына талдау 4
1.1.1 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері 6
1.1.2 Өндірістік қызметті басқаруды жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар 11
1.2 Ақпарат жүйесін құрудың мақсаты 11
1.2.1 «Өндірісті басқару қызметінің» АЖ-сіне қойылатын талаптар 12
1.2.2 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар 13
1.2.3 Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар 14
1.3 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 15
2 – тарау. Негізгі бөлім 22
2.1 Өндірісті басқару 22
2.2 Кіріс ақпараттары 23
2.3 Шығыс ақпараттары 24
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымшалар 28

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Өндірісті басқарудың» ақпараттық жүйесін тұрғызу. Басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралуға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген;
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі ХХI ғасыр техника және технология ғасыры болғандықтан, өндірісті басқару жүйесін автоматтандыру болып табылады. Яғни өндірісті басқарудың мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі өндірістік қызметтерді жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

1 – тарау. Теориялық бөлім

1.1 Қолдану саласына талдау

Қызметтің сипаттамасы
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех — бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

1.1.1 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.
Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелер ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

1.2 Ақпарат жүйесін құрудың мақсаты

Ал ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – өндірісті басқару және ондағы кірістер мен шығыстарды талдау және реттеу, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Кез келген Ақпарат жүйесінің мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.

1.2.2 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпарат жабдықтау құрылымы - жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.
Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары
Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізделері:

1.2.3 Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші массивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Ақпараттық жүйені тұрғызуға қажетті ресурстар олар:
Шикізат мөлшері, белгілі бір мөлшердегі энергия, қажы, құрал – жабдықтар және бұл жерде транспорт шығынын да есептесек болады. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.

1.3 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:

2.2 Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

2.3 Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

Қорытынды

Менің курстық жұмысым өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады. Яғни өндірісті басқарудың және оның ішіндегі мақта өнімін басқаруды анықтайтын ақпараттық жүйені тұрғыздым.
Сонымен қатар, курстық жұмысымда тақырып бойынша қарастырылып отырған мәселелердің әмбе баптылығын, үнемділігін, барынша көп сервисті пайдаланушыға арналған түсініліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі анық көрсетілген деп ойлаймын.