Қазақстанның минералды-шикізат ресуртарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстанның минералды-шикізат ресуртарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері 5
1.1 Минералды-шикізат ресурстарының Қазақстан территориясында таралуы 5
1.2 Қалдықсыз өндірісті дамыту мәселелері 7
2 Қазақстан Республикасында минералды-шикізат ресутарын кешенді пайдалану мәселелері 9
Кіріспе
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
1 Қазақстанның минералды-шикізат ресуртарының географиясы және оларды өндірудің экологиялық жағдайға әсері
1.1 Минералды-шикізат ресурстарының Қазақстан территориясында таралуы
Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан - жердегі минералды - шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 -ы металдар) Қазақстанда 39 -ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғарғы көрсеткіштер тек Ресейде - 49, Қытайда - 45, Австралия және АҚШ - 42, Бразилия - 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлары бойынша республика әлем елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
1.2 Қалдықсыз өндірісті дамыту мәселелері
Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:
2 Қазақстан Республикасында минералды-шикізат ресутарын кешенді пайдалану мәселелері
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен - жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға өз салаларында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі - «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК. Бізге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.