Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бала асырап алу институтының тарихи және құқықтық сипаттамасы

Балалардың отбасыға тәрбиелікке алынуының бірнеше дәстүрлі нысандары бар. Ең маңызды институт - бұл бала асырап алу институты. Бала асырап алу - бұл заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы не қызы болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, ал ата-аналар үшін бұл - бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік. Мұндағы, бала асырап алу институтының маңыздылығының себебі, біздің мемлекетте отбасылық тәрбие алудың басымдылығына көп көңіл бөлінеді, ал қамқорлыққа зәру болған балалар үшін осындай тәрбиелік нысанды тек бала асырап алу институты ғана қамтамасыз ете алады.

Өз қазақ жерімізге келер болсақ, біреудің нәрестесін бауырына салу, яғни бала асырап алу — қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы болып саналған. Бала асырап алу, негізінен, өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған. Өз кіндігінен нәресте болмаса немесе балалары құтаймай, шетіней берсе, ондай шаңырақ жақын-жуықтарының бірімен келісімге келіп, баласын бауырына салатын болған. Қазақ салтына орай, бала асырап алушы, әдетте, той жасап, ер бала болса — асықты жілік, қыз бала асырап алатын болса — тоқпақ жілік ұстау ғұрпын істеген. Баланың қолына жілік ұстату олардың көпшілік алдындағы анты, уәдесі іспетті болған. Жұрт алдында балаға жілік ұстату арқылы екі жақ та бала алу, бала беру ісіне ризашылығын танытады. Қазақ арасында немерелерін ата - әкелерінің "бауырына салып" алатын дәстүр де кеңінен ұшырасады. Бұл, әрине, немересін өз баласы деп санайтын ата мен әженің жарасымды өзімшілдігі. Мұндай дәстүр бала асырап алды деп аталынбай, кәдімгі туыстық дәстүрлі қарым-қатынастың шынайы көрінісі еді. Міне, осылай, қазақ жерінде «Жетімдер үйі» деген атау болмаған.

Конвенция мақсаттарының жүзеге асырылуы мен кепілдіктердің әрекет етуі үшін келісім жасасқан мемлекеттер Конвенцияға сәйкес міндеттерді орындау жүктелген органдардан орталық орган тағайындайды. Орталық органдар асырап алынған балаларды қорғау және Конвенцияда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтастықта болады және өз мемлекеттерінде толық құқылы үкіметпен өзара ынтымақтастықты дамытады.