Ақша, несие және банктер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Инфляцияның мәні және оны сипаттайтын концепциялары 5
1.2 Инфляцияның пайда болу салдары және оған әсер ететін факторлары 6
1.3 Инфляцияның түрлері 13
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУІН ТАЛДАУ 17
2.1 Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін талдау 17
2.2 Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау жасау 21
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ 30
3.1 Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының нұсқалары, сұраным және шығындар инфляциясын төмендету шаралары 30
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат 31
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39
АННОТАЦИЯ 40
КІРІСПЕ
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляцияның мәні және оны сипаттайтын концепциялары
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляцияның басты ерекшелігі - қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
1.2 Инфляцияның пайда болу салдары және оған әсер ететін факторлары
Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуі инфляцияға әкеліп соқтыратыны ескертілген.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығарумен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті.
1.3 Инфляцияның түрлері
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан болады. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде «сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы» анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады.
«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы қалыптастырады.
2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУІН ТАЛДАУ
2.1 Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін талдау
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте теңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша - несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік - экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
2.2 Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау жасау
Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. Кейбір тауарлар түріне бағалар бұрынғы күйінде қалды. Мысалға, нан өнімдері, сабын, пәтер ақылар және т.б. бағалар өзгеріссіз қалды, себебі оларды мемлекет қолдап отырды. 1992жылы бағаны босатудың салдарынан тұтынушылық бағалар 30,6 есе өсті.
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ
3.1 Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының нұсқалары, сұраным және шығындар инфляциясын төмендету шаралары
Инфляцияның өсуі елде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді. Монетарлық қатаңдық нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999жылы инфляция 11,7% болды, ал 1994жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді. Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Заң, «Бюджеттік жүйе және басқалар туралы» Заң.
Үкімет «Стратегия -2030» сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі.
- сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.