Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 49 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Жеке адамға қарсы қылмыстар.


Жоспар
1 Жеке адамға қарсы қылмыстар 3
1.2 Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы 4
1.3 Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді 4
1.4 Адам өлтіру 8
1.5 Бұзақылық ниет-барынша күрделі түсінік 14
1.6 Анасының жаңа туған баласын өлтіру 18
1.7 Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру 20
1.8 Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру 22
1.9 Абайсызда адам өлтіру 23
1.10 Өзін-өзі өлтіруге жеткізу 24
1.11 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 24
1.12 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру 31
1.13 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 32
1.14 Ұрып-соғу 32
1.15 Азаптау 33
1.16 Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру 34
1.17 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 34
1.18 Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 35
1.19 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру 35
1.20 Қорқыту 35
1.21 Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету 36
1.22 Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы 38
1.23 Соз ауруларын жұқтыру 39
1.24 Адамның иммун тапшылығы вирусын 40
1.25 Заңсыз аборт жасау 40
1.26 Науқасқа көмек көрсетпеу 42
1.27 Қауіпті жағдайда қалдыру 43
1.28 Адамды ұрлау 44
1.29 Бас бостандығынан заңсыз айыру 45
1.30 Бас бостандығынан заңсыз айыру 46
1.31 Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру 47
1.32 Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру 48
Әдебиеттер 49

1 Жеке адамға қарсы қылмыстар
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасы барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.

1.2 Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды.

1.3 Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді
Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі-биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады.

1.4 Адам өлтіру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген.
Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам.

1.5 Бұзақылық ниет-барынша күрделі түсінік
Оның өзге әр түрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлының адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан-ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің ұятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәлыда ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады.

1.6 Анасының жаңа туған баласын өлтіру
Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылық бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл құрам үшін баланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа жаңа туған баланы өлтіру біраз уақыттан кейін жүйкені зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.

1.7 Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру
Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен басталған қатты жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлының психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.

1.8 Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру
Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлының әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.

1.9 Абайсызда адам өлтіру
1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешілігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу ұшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкін. Ұшқалақтық салдарынан адам өлтіріп алу кінәлы өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірақ өзіне-өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді.

1.10 Өзін-өзі өлтіруге жеткізу
Қылмыстың мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.

1.11 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Әрбір жеке адамның денсаулығы-ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы-оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.

.12 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешілігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр иянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынандай өзіндік белгілермен:

1.13 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген.

1.14 Ұрып-соғу
Жәбірленушіні тән ауруын келтіре отырып денеге дақ түсіру, тырнау, денесін қанталату, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге жатпайтын басқадай зақым келтіру ұрып-соғу деп танылады. Жәбірленушіні араға шақтыру, оған ине тығу, қолын бұрап ауырту, бір мәрте болса да теуіп жіберу, өзге де күш қолдану әрекеттері жатады. Ұрып-соғудың белгісі 6 күнге дейін кетуге тиіс, орын алған жарақаттың белгісі көрсетілген уақытта кетпесе, онда іс-әрекет Қылиыстық Кодекстің 105-бабымен саралануы тиіс.

1.15 Азаптау
Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы-ұдайы, ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.

1.17 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

1.18 Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

1.19 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген. Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.

1.20 Қорқыту
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігін арқылы сипатталады.

1.21 Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету
Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі адамның органдарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.

1.22 Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
Қылмыстың тікелей объектісі-медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі-адам өмірі.

1.23 Соз ауруларын жұқтыру
Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, кейбір соз ауруларын жұқтырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.
Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады.

1.24 Адамның иммун тапшылығы вирусын
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі.

1.25 Заңсыз аборт жасау
Аборт дегеніміз - заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынш а- 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады.

1.26 Науқасқа көмек көрсетпеу
Қылмыстың тікелей объектісі-ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыс объективтік жағынан:

1.27 Қауіпті жағдайда қалдыру
Қылмыстың объектісі-қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы Қылмыс объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлы кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырған жағдайларда көрінеу көмексіз қалдыруы арқылы көрініс табады. Бұл қылмыс әрекетсіздік арқылы екі түрлі жағдайда көрініс табады:

1.28 Адамды ұрлау
Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстаудың адам ұрлау деп айтамыз.

1.29 Бас бостандығынан заңсыз айыру
Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін.

1.30 Бас бостандығынан заңсыз айыру
Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі.

1.31 Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
Психиатриялық стационарға орналастырудың негізгі және тәртібі Қазақстан Республикасының «Психиатриялық көмек көрсету және азаматтарға ондай көмек көрсетуге байланысты кепілдіктер туралы» арнаулы заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес психиатриялық стационарға осындай дертпен ауыратын адамдар тек қана дәрігерлік-психиатриялық комиссияның тиісті қорытындысына немесе сот қаулысына сәйкес орналастырылады.

1.32 Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың бостандығы мен еркі қосымша тікелей объект-жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.
Қылмыс объективтік жағынан адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-көндіру әрекеттері арқылы сараланады. Қылмыстың өзі әрекет арқылы алдау тәсілін қолданып жүзеге асырылады.