Барлыбай батыр (қазақша)
Барлыбай Тайлақұлы (1736-1828) Керей ішіндегі Жәнтекейдің Шүйіншалы руынан. Оның ұлы атасы – Барақ батыр (1650-1740) Шүйіншалының кенжесі, Керей елінің Жәнібек Бердәулетұлынан (1714-1792) бұрынғы әйгілі билерінің бірі. Жәнтекейдің ұраны болған Сәменбет батырмен бірге өмір сүріп, Абақ-Керей елінің келелі істерін басқарған әйгілі би болған. Барақтан Ханкелді, Тайлақ деген екі ұл туып, олардың ұрпақтары кейін Шүйіншалы ішіндегі екі табы болып өсіп-өнген. Барлыбай Тайлақтың төртінші ұлы.
Абақ-Керей елінің таяу заманғы тарихында Барлыбай есімі «Барлыбай би», «Барлыбай батыр» — деген атпен әйгілі болған, осылай атап шежіре шертетін тарихи кітаптар бірталай. «Халықаралық Алтай ілімін зерттеу материалы», «Абақ-Керей» атты кітапта: «18-ғасырдың
Жоңғар хандығының билігіне таласқан Амырсананы ойрандап қуып шыққан соң өзіне қауіп төндірер күш қалмады деп мөлшерлеген Даба Шы (кей кітаптарда Дабаци делініп жүр, моңғолдың әскер басы) 1754-жылы 9-айда 30 мың сұрыпталған қолмен қазақтарға қарсы жорық жасады. Аякөз өзенінің Нарын деген жерінде Әбілпейіз сұлтан қолымен Жәнібек қолына келіп тоғысып, жауға қарсы аттанды, Жәнібек жекпе-жекке өзі шықпақшы болып еді. Қасына ерген Шақабай, Машан, Қожаберген
Керей көші Қалба, Маңырақ, Жайсаң көл атырабына, Сауыр-Сайқанына дейін, Алтайдың күн бетіне көсіле қоныстанған кезде төңірегіндегі торғауыттар, наймандар қарасты хан иесі жоқ қашқын ел деп түртектетіп, жер дауы жесір дауы, сияқты дау-жанжалдар туылғанда Керей билеріне: «Хан нәсілінен шығып ортақ танылып ел иесі болған төрелерің жоқ, төресіз елдің дауы ақпайды, билігі баянды болмайды», деп қыжырта береді. Абақ-Керейдің өз ішіндегі билері де үзеңгі соғыстырып, өз руларына тарта бастағанын, өзінің жасы ұлғайып қалғанын ескерген Жәнібек батыр Керей елінің ырықсыз күйге түспеуін көздеп. 1783-жылы (қоян жылы) шілдеде Көкпектіде Барлыбай бидің ауылында Керей елінің бар игі жақсы ел ағаларын шақырып, хан тұқымынан төре әкелуді ақылдасып кеңес құрады. Осы кеңестің шешімі бойынша, бір жыл жол қамын жасап дайындалып, 1784-жылы (ұлу жылы) Жәнтекейден Тауасар Қазыбекұлы, алыс-жуыққа аты шыққан би әрі батыр Барлыбай, Жәдік руынан Қамысбай, Қияқбай шешендер бастаған әр рудың дегдарларынан және олардың атшы-қосшысы, қазаншысы болып, жалпы елуге тарта кісі Жәнібектен бата алып, мөрін басқан хат алып, мол тарту-таралғымен Көкпектіден Әбілмәнбет ханның баласы — Уақ, Керей төресі Әбілпейіз ордасына барып, елге ес, сыртқа сес көрсетіп, ұлық болатын бір ұрпағын қалап-сұрап келуге аттандырады.
Қазақ ханы Абылай 1757-жылы Қобдадағы Анбалмен кезігіп, Пекинге елші жіберген. Әбілмәнбет хан Іледегі Қытай патшасының елшісімен қатынас жасап, сырт жақтан бағыныштылық беріп, қатынасын үзбей, ішкі жағын өзі басқарып келген. Әбілпейіздің ұлы Жолшы мен Бопы жеке-жеке Гұң атағын алған. Керей төресі болып сайланған жас Көгедай іргелі елді басқарып тұрғанда, ықпал күші зор болған шонжарлар мен адуынды сотқарлар тағы да Керей еліне соқтығып, көз алайта берген соң, Жәнібек батыр толғана келіп, көпті көрген ел даналарын
Көгедайдың Ежен ханға жолығып «Гүң» шенін алып келуі моңғол тайпаларының алдында Абақ-Керейдің терезесін теңестіріп қана қоймай, мәртебесін өсіріп, елдігін бекемдей түсті, бұл Абақ-Керей тарихында ел есінен кетпейтін дәуір бөлгіш уақиға болды. Осы ірі уақиғаны Көнсадақ руынан шыққан Ахмет ақын:
Барлыбай, Шобаш ерген Көгедайға,
Жанторы, Байқан да бар осы жайда.
Ежен хан үшеуіне мәнсәп беріп,
Ұқсады Керей елі туған айға
деп, өшпес жыр шығарды.
Тәукенің нәсілі Әбілпейіз уаңнан төре сұрай барған Керей билерінің біреуі осы Барлыбай болатын»… «сол жолы ғой Түркістан уалаятының көп жерлерін аралап, талай миуалы бақша, көк майсалы дақылдар атызына көзі түскені; Сол жолы ғой «қара жердің қаны су екен ғой», — деп танығаны; сол жолы ғой үлкен бір арманның ішіне кіріп, орын теуіп жатып алғаны»… «Барлыбайдың көз алдынан енді шығысқа шеккен сапары өтті… Ханзада Көгедайды Чянлұңға апарып, мемлекеттің ел басқару жүйесіне енгізіп, хан қасынан қара көк тас қадату үшін… ұлы моңғол үстіртін басып өтіп, ұлы қорғанның ішіне кіргені… сол жолы ғой, Сарыөзен бойының құп-құла топырағы көмей алуға келмейтін шығырмен болса да су ішіп, жасыл манатқа оранып алғанын көргені; сол жасыл масатының