Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

«Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс.

Сүйенерге жара ел – деп Абай атамыз айтқандай, жүректері қалаған ұлдардың атын жұрт өздері-ақ жерге тастамайды. Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Балуан Шолақ, Біржан Сал, Ақан Серінің есімдері соның жарқын мысалы. Құдайға шүкір, мақтан тұтар, үлгі етіп алға ұстар данаға да, батырға да бай елміз. Олардың елі үшін жасап кеткен еңбектерін даралап атап, туған халқымен қайыра табыстырудан, тегінде, кенде емеспіз.

Абайды қоршап, қаладан алып қайтқан серіктері – Байтас пен Жұмабай бірі сері, әнші болса, екіншісі одан өзгеше Құнанбай бағытын ұстаған адам. Абайдың жанындағы жолдастарының мінездері екі түрлі болса, оның келешектегі өмірінің де осындай бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі топтың арасында қалыптасатынын, автор осы екі адам арқылы Абайдың келешекте екі ортамен істес болатынын, оның сүйгені, қалағаны халқы, ақындық болатынын алғашқы беттен-ақ байқатады.
М. Әуезовтың айтуынша, Абайдың рухани кемелденуіне ықпал жасаған арна – үшеу:

Өзінің терең идеялы, көркем шығармасымен Әуезов хкалқымыздың әдеби тілін байыта беру жолында талмай еңбек етіп келді.
Әуезовтың творчествалық өмірі – халыққа, отанға қызмет етудің айқын үлгісі болды. Ол өзінің ортасында қалдырған көп томдық мұрасы арқылы қазақ жазушыларының бір емес әлденеше буынына шеберлік шынындай жөн сілтейтін, шың мәнінде ұстаздық қақына ие болған аса көрнекті жазушысы.

Әдебиеттер:
1. Әуезов М., Абай жолы романы, 3 том, -Алматы: Жазушы, 2002
2. Бітібаева Қ., Әдебиетті оқыту әдістемесі, -Алматы: Рауан, 1997
3. Омаров Д., Абайтану, Алматы: Мектеп, 2002
4. Тасболатұлы Қ., Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдіснамалық негізі, -Тараз: 1999