Мұхтар Әуезов
Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің толып жатқан проблемаларын көтергені белгілі. Мәселен, “ Абай ”журналының 1918ж 1-санында жарық көрген “Ғылым ” атты мақаласында: “ Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білімінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады...
Ал, “ Қыз ұза”ту үстіндегі салт өлеңдері” деп аталатын үшінші бөлімшеде қалың малға сатылған қазақ қыздарының ел-жұрт, ағайын- туғанымен кетерде көрісіп, қоштасып, сыңсуы;“ Жар-жар” айтысында жаңа түскен жас келінге қайын жұртын таныстыру, жұбату мақсаты мақсаты көзделетіні; “Беташар ” жырында жат жұртқа келін болып келген жас әйелег жаңа жерде өзін қалай ұстауы, жүріп-тұрысы, мінез-құлқы, іс-әрекеті сөз болатыны, онда көбінесе ақыл-нақыл, өсиет-өнеге айтылатыны педагогикалық тұрғыда талданып баяндалған.
М.Әуезвтің ойшыл, ғалым-педагог ретінде өз бетін танытқан іргелі жұмысының бірі – бастауыш мектеп бағдарламасыны сәйкес жазылып, мың тоғыз жүз отызыншы жылдарныда Қызылорда жарық көрегн “ Жеткіншек ” атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы. “Жеткіншек ” - “Жалпы бөлімнен” , “Қазақстан” және “ Кеңес одағы ” деп аталатын тараулардан тұрады.“ Жалпы бөлімде ” Кеңес үкіметі әкелеген жаңалықтарды қазақ шындығына негіздей отырып, жеңіл тілмен, шағын көлемде баяндайды. Кітаптың “Қазақстан” атты тарауларында елдегі жер бедері, ауа райы, әкімшілік- территориялық орналасуы, халық шаруашылығы, жол қатынастары, ауыл мен қала арасындағы байланыстар туралы нақтылы деректер беріледі.
Сондай-ақ академик М.Әуезовтың ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының фольклор бөлімін басқара отырып, қазақ халқының бай қазынасы –ауыз әдебиеті тарихының бірінші томының бас редакторы және дайындаушысы болуы, қырғыздың эпосы “ Манас” туралы зерттеу еңбегін жазуы, Абайдың ақындық қызметі жайындағы монографиясы, т.б. оның қазақ мәдениетін терең зерттеп, әлем ғалымдары алдында көрсетуге сіңірген ұшан-теңіз мол еңбегінің бір ұшығы ғана деп қарауға болады.Заманымыздың заңғар жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Айтматов “Правда ” газетінде: “Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Ортазиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов сондай әсер етті ” - деп жазды.