Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Туризм

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Туристік саяхаттың мәні және мазмұны


Жоспар
Кіріспе 3
I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны 4
1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы 4
1.2 Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары 6
1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 8
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 11
2.1 Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар 11
2.2 Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 12
2.3 Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету 13
2.4 Саяхат жасаудағы кедергілер 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.

I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны

1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы

Саяхат маршруттарының күрделі жағдайдын, түрлі нұсқасын қамтитын еліміздің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің – мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.
Жаяу жорық - барша адамның қолы жететін жорық. Бірақ жаяу саяхатқа шығушы өзі көтеретін жүк салмағын есепке алуы керек, себебі бұл жағдай елсіз жерлермен ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа душар етуі мүмкін. Ең негізгі кедергілер өзеннен, батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен өткенде кездесері сөзсіз. Жаяу саяхатшысының жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс бағдарлай алуының, компасты пайдалана отырып, жазылған азимут бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20 шақырымға дейінгі аралықты күндіз жүріп өту - бұл көрсеткіш саяхатшылар ертелі-кеш жол жүріп шынығу деңгейіне және жорықтың шартына байланысты өзгеруі де мүмкін, ол саяхатшылардан жаяу жүру дағдыларын және төзімділікті талап етеді.

1.2 Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары

Елімізде дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт дамуының міндеттерін шешуде саяхат спорттық тынығудың ең бағалы түрлерінің бірі ғана емес, сондай-ақ еңбекшілерді дене тәрбиесінің мәдениетіне тәрбиелеу құралы да болып табылады. Қозғалыс жаяу, шаңғымен, қайықпен, атпен немесе салмен, велосипедпен, т.б. жүру арқылы белсенді түрде орындалатын саяхаттық жорықтар адамды жан-жақты дене тәрбие мәдениетінің негізгі мәселелерін шешеді.
Жорық кезінде саяхатшы жол жүру дағдыларын бойға жинауға, таныс емес жерлерде: ормандарда, тауларда дұрыс бағыт ұстай білуге, жаңа, белгісіз жайларды бақылай есте сақтап, іздеп аша білуге үйренеді.

1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар

Жорық кезінде, оның ұзақтығына байланысты кішігірім демалу мен тамақтанатын, қонатын және түстенетін жерлер болады. Дем алатын орынды ұйымдастыруда ең басты міндет – орынды дұрыс таңдай білуге, алаңды әзірлеуге, палаткалар тігуге, от жағып, лагерь қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болмақ.
Орынды таңдау. Ашық дамылдайтын орын бірнеше басты талапқа жауап беруі керек. Соның біріншісі - қауіпсіздік. Әсіресе таулы жерлерде, орманды жерлер бойынша өтетін жорық маршруты кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Сондықтан, қар көшкіні қаупі бар тік құлама қыр, жарқабақ етегіне қонуға болмайды. Нөсерден соң тауда лайлы су тасқыны жүретіні белгілі, сол себепті лагерь палаткасын құрғап қалған өзен арнасына, жылға табанына тігу қауіпті. Оны лайлы тасқын өзімен бірге алып кетуі мүмкін.

II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар

2.1 Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар

Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар—аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармағы бойынша VI-XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты болды.

2.2 Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары

Белсенді туризмдегі классификациялаған туристік саяхат - дегеніміз, белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты айтамыз.
Туристік маршрут дегеніміз—белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.
Халықаралық альпинистер одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік саяхаттардың қиындық шкаласы ресми түрде қабылданған:

2.4 Саяхат жасаудағы кедергілер

Адамның саяхат жасамауына немесе сирек саяхат жасауына белгілі бір себептер болады. Ол себептерді саяхат жасаудағы кедергілер деп атауға болады. Халықтың көп бөлігі үшін саяхаттағы кедергілерге келесілер жатады:
1) Тур өнімнің құны. Тұтынушы ақша массасының шектеулігі жағдайында әрекет етеді де, бюджетін құрған кезде ең алдымен ол шығындардың басқа баптарын ескеруге мәжбүр болады. Егер де саяхатқа шығу рахаты қымбат деп танылса, онда оны туризмнің пайдасыздығы деген пікірмен ұштастыруға болады. Бірақ бұл кезде туристік сапардың құны турист үшін үйде қалудың объективті және принципиалды себебі болып табылады.
2) Уақыт тапшылығы. Көптеген адамдар саяхат үшін жұмысын қалдыра алмайды.

Қорытынды

Сонымен, ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар—аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Қазақстанда қажылық саяхатты ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр түрлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) Қазақстан Республикасының “Туризм туралы” заңы. Алматы, Қазақстан, 1993.
2) Қазақстан Республикасы аймағында туристық спорттық жорықтар өткізу ережесі, 1997.
3) Турист энциклопедиясы. Тамм, М., 1997.
4) Туристік жорықтар кезінде оқушылар өмірін қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіш жинағы.
5) Авторлар ұжымы. Турист серігі. М., ФжС,, 1963
6) Шимановский В.Ф. Таудағы қауіптер. М. ЦРИБ, “Турист”, 1974.