Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

М.Шоқай—түрік әлемінің ХХ ғасырдағы демократиялық қозғалысының негізін салушысы

М.Шоқай әр ұлттың сана-сезімінің дамуында оның белгілі іс әрекетін, тиянақты кәсіппен айналысуы ерекше маңызды дей отыра, бұл үшін қазақ халқы оқу-білім, айла-тәсіл, дағды, икемділікті терең меңгеруі қажет дейді. «Адам баласы,-дейді ол,-адаспау үшін, адаса қалғанда дұрыс жолды қайта табу үшін де білім керек»

М.Шоқай пікірінше туған халқы үшін қызмет ету-әр пенденің перзенттік борышы, бұл оның абыройлы міндеті, ол әр этностың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына оның нақты өсіп-өнген ортасы, табиғаты, тау-тасы, өзен-көлі, кір жуып, кіндік кескен жері ерекше әсер ететінін төмендегіше түйіндейді: «Атамекенді сүю» дегеніміз-өзінің жеке басының талаптарын қанағаттандыру, немесе белгілі бір топтың, не бір жеке адамның мүдделерін қорғау дегендік емес. Атамекенді сүю-оның тұтас мүддесіне қызмет ету, керек болса жан пида қылуға дайын тұру болып табылады.

Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулып, имандылық қасиеттерін жетілдірсек, сонда ғана халқының салт-дәстүрін жақсы білетін, елі үшін елең қағар азамат болып қалыптасады. Имандылық пен салауаттылық сынды қасиеттерді қатар ұстаған адам өмірде тура жолдан таймай, алдына қойған мақсатына жете алады. Сондықтанда болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелегенде олардың бойына осы қасиеттерді сіңіре білсек, отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат болып өсері кәміл.

Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуы жайлы саясаткер, ғалым, шет елдегі қазақ зиялыларының қазіргі көш бастаушыларының бірі Хасен Оралтайдың айтуынша: «ұлтшыл азамат, туған елін жат жұрттық езгі-қанаудан құтқарып, талан-таражға түскен жер-суын, игілігін өзіне қайтарып беруді, сондай-ақ халқын оқу-ағартумен жалпы шаруашылық саласында алға бастырып, оның ауыр жағдайын жеңілдетіп жақсартуды санау өзінің студенттік кезеңінде-ақ басты арманына айналдырған. Сол арманына жету жөніндегі ізденістерін ол Петербордағы өзі сияқты басқа Түркі тұқымды мұсылман халықтары жастарымен жиі кездесіп, әңгімелесу арқылы бастаған.»

Әуелі айта кетерлік жайт, Мұстафа Шоқайдың және большевиктерден теперіш көріп шет ел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылган «Промете» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді. Расында, 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы «Промете» қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айрылды. Өйткені, Кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдері маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал, 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз қалып, ресми басылымдары да жабылып қалды. Польшаның басып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алман-Кеңес басқыншылық келісімі «Прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезеңде: «Гитлер де, Сталин де — залым. Бірі -әсіреұлтшыл, ал екіншісі — интернационалист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», — деп жазған Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес достары украиндық А. Шульгин, кавказдық Мир Якуб Мехтиев және грузиндердің көсемі Ное Жорданиямен бірге шет елдердегі барлық отандастарын Алман-Кеңес коалициясына қарсы бірігіп, қарсы тұруға шақырды. Сонымен қатар, Мұстафа Шоқай белсенді автор болған «Промете» журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне қарсы қаьарманша табандылық танытуынан қанаттанып, оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді. Мұндағы адамзатқа апат әкелетін індет аурулардың аттары екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. Осылайша, Мұстафа Шоқай ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса, әлемде тек бір ғана ұлттың үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде мәлімдеді. Өйткені, жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі ең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді. Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулыға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайдың жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт, Стамбулда бір кездескенімізде Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз қайталап еді.

Мемлекет деңгейінде жүргізіліп отырған славяншылдық саясат түркі мұсылман жастары тарапынан қарама-қарсы нәтижелерге әкеліп, олардың арасында Түркияға көмек беру қозғалысы өрістей бастайды. Балқан соғысының ауыр кезеңдерінде, соғыстан кейін де Кавказ, Қырым, Еділ бойы, Орал және Түркістанның мұсылман өкілдері Константинопольге (Ыстамбұлға) материалдық, гуманитарлық, моральдық көмек көрсетуге ұмтылады. Олардың қатарында Мұстафа да бар-тын. Бір рет ол түркістандық досы Садық Өтегеновпен бірге Түркия елшілігіне көмек ретінде өздері жинастырған шағын қаржыны да әкеліп береді.

М.Шоқайдың бұл тұжырымы бүгінгі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылу саясатымен өзектес келеді. Жаһандану заманында халқымыздың ұлттық кескін-қабілетін, этникалық бірегейлігін, тілі мен ділін сақтап қалу да – қазіргі күрделі проблема. Большевиктік жүйе тарих сахнасынан кетіп, әр ұлт өз үйі ішінде өзі қожа болғаннан кейінгі уақыттағы мемлекетаралық қатынастар жөнінде айта келіп, Мұстафа тәуелсіз Түркістанның бұрынғы метрополия – Ресеймен өзара достық байланыста болуы геосаяси жағдайдан туындайтын міндет дейді. Автократиялық, демократиялық, не басқа сипатты Ресеймен қарым-қатынаста болу қажеттігін, бірақ оның өзара тиім­ділікке негізделуін, “жауапсыз достықтың зиянды” екендігін ескертеді.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Шоқай М. Таңдамалы. І-том. Алматы, «Қайнар», 1998, 187-бет.
2. Сонда, 201-бет.
3. Шоқай М. Таңдамалы. ІІ-том. Алматы, «Қайнар», 1999, 6-бет.
4. Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. Ыстамбұл, 1997, 103-бет.
5. Оралтай Х. Мұстафа Шоқай және оның шет елдегі ізбасарлары. Қазақ тарихы, 1997, №2. 112-бет