Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

«Өлеңге тоқтамайды ШАЛ дегенің»

Шал ақын аталып кеткен Тілеуке Құлекеұлы қазіргі Ақмола облысы жерінде Азат темір жол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесі Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бірі. Анасы - атақты Төле бидің қызы. Құлеке мен оның ағасы Тілекенің соғыстағы ерлігі жайлы әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.
Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Россия қол астына қарау тұралы ант берушілердің бірі болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетіне елшілікке барғаны туралы деректер сақталған. Ресей үкіметінің ресми деректеріне қарағанда Орта жүз Атығай руының Бәйімбет, Құдайберді тайпалары Есіл бойына қоныс аударады. Бұның ішінде Құлеке батырдың да ауылы болады. Бұлар келгенде Есіл бойы естектердің қарауында екен. Естектермен жер үшін болған соғыста Құлекенің ағасы Тілеке батыр қаза табады. Ағасының кегін алған Құлеке Есілден естектерді ығыстырады.

Жинақтың соңында халық жазушысы Әбділда Тәжібаев бастаған 14 зиялы ақын, жазушылар мен ғалымдардың 1998 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, Мемлекеттік хатшы Ә.К.Кекілбаевқа, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовке жолдаған Шал Құлекеұлының 250 жылдық мерейтойын өз деңгейінде лайықты атап өтуді және оның туған жеріндегі Сергеев ауданын Шал ақын ауданы деп атауға көмек-тесулерін өтінген «Ашық хаты»келтірілген. Құдайға шүкір, бұл өтініштер орындалды. Облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250 жылдық мерейтойына арналған әртүрлі қызықты өнер сайыстары, айтыс, т.б. шаралар өткізілді.Алматыда халықаралық дәрежеде ғылыми-теорилық конференция болып өтті. Елбасының арнайы Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы»деп аталды.