Банкаралық клирингтік жүйе
Жоспары
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйелері 4
1.1.2 Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ) 4
1.1.3 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) 5
1.2 Банкаралық клиринг есебі 8
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданыл артын, яғни қолма-қол сыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесіне анықтама бергенде оның пайдалану ауқымын аң кеңдігін ескерген дұрыс.
Төлем жүйесі бұл:
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйелері
Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі); клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).
1.1.2 Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)
Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).
1.1.3 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)
Бөлшек төлемдер жүйесі - клирингтік палаталар (клирингтік жүйе)арқылы кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарының жүйесі.
Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі мұнда төлемдер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.
1.2 Банкаралық клиринг есебі
Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті жақсартудың басты бағыты - банкаралық клирингті дамыту болып табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесі болып табылады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі - шынайы ақшаға деген қажеттілік.
Қорытынды
Жалпы еліміздің бүгінгі таңдағы қызмет ететін төлем жүйесінің мынадай құрылымы айқындалған:
- Нақтылы уақыт режиміндегі қызмет атқаратын (ірі төлем жүйесі) ақша аударымдарының банкаралық жүйесі;
- Клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі) Қ.Р. аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін төлем жүйесі.
Ірі төлем жүйесі жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айырысу жүргізетін және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық талаптарға жауап беретін жүйе болып қайта құрылды. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
С.Б. Мақыш “Банк ісі” Алматы, 2007ж
Рудакова О.С. “Банковские услуги”
Сетқасимов Г.С. “Банковское дело”
7 желтоқсан 1999ж № 153 “Банкаралық жүйеде ақшаларды аудару ережесі”
Жуков Е.Ф. “Банк и банковские операции”