Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Материалды ағым түсінігі


Жоспар
1 Материалды ағым түсінігі 3
1.1 Логистикалық операциялар 7
1.2 Логистикалық жүйенің түсінігі 8
1.3 Логистикалық жүйелердің түрлері 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

1 Материалды ағым түсінігі
Материалды ағым түсінігі логистикада негізгі болып табылады.Материалды ағымдар шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тасымалдау, қоймалау және олармен басқа да материалды операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болады.
Материалды ағымдар түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорынның ішінде жүруі мүмкін.
Материалды ағымдар дегеніміз – логистикалық операцияларды жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды құндылықтар.

1.1 Логистикалық операциялар
Жоғарыда айтылып кеткендей, материалды ағым белгілі бір материалды объектілермен жасаған іс-әрекеттер жиынтығының нәтижесінде пайда болады.Бұл іс-әрекеттерді логистикалық операциялар деп атайды.Бірақ логистикалық операциялар түсінігі тек материалды ағымдармен жасаған қызметпен шектелмейді.Материалды ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес келетін ақпараттарды қабылдап, өңдеп және беру қажет.Бұл кезде орындалатын әрекеттер де логистикалық операцияларға жатады.
Логистикалық операциялар – бұл материалды және ақпараттық ағымды қайта құруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

1.2 Логистикалық жүйенің түсінігі
Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер бар.Бұл көпшіліктің ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді бөліп қарастыру қажет.
Логистикалық жүйе түсінігі жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке болып табылады.Сондықтан да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп, содан кейін қандай жүйелер класы логистикалыққа жататынын анықтаймыз.

1.3 Логистикалық жүйелердің түрлері
Логистикалық жүйелер, жоғарыда айтып кеткендей макро және микрологистикалық болып бөлінеді.
Макрологистикалық жүйе – елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде орналасқан, түрлі ведомстволардың өнеркәсіптік, делдалдық, сауда және тасымалдау ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды ағымдарды басқаратын ірі жүйе.Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобының экономикасын белгілі бір инфрақұрылымын білдіреді.