Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы конституциясының тарихи құрылымы

Конституция (constitio латын тілінен - белгілеу, орналастыру) - мемлекеттің Негізгі Заңы, материалдық мағынада ең алдымен елдегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеумет тіл құрылыстың негіздерін басқару мен мемлекеттік құрылымның нысанын, орталық және жергілікті билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым - қатнастарын мемлекеттік рәміздерді және астананы айқындайтын өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы.

Еліміздің жаңа Конституциясы ( Негізгі заңы) 1937 жылы 26 - наурызда заң күшіне ене отырып 11 - тарауғажинақталған, 124 - баптан тұрды, оларға жататындар былайша аталған:

1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясының көптеген демократиялық қондырғылары шынайы іске асырылмады. Сол кездегі социализм құру процесіндегі тап күресінің шиеленісуі жөніндегі тезис елдегі жаппай қуғын сүргінді, күдікті идеологиялық жағынан ақтауды негіздеді, заңсыздықты, қызмет бабын пайдалануды, озбырлықты ақтады, заңдық нысандар мен кепілдіктерден бас тартты, соттан тыс және өзге де күштеу акцияларын кеңейтілуіне ықпал жасады. Мемлекеттік құқықтық құрылымның демократиялық деңгейде дамымауы, демократиялық дәстүрдің әлсіздігі, қалың бұқараның саяси және құқықтық санасының, мәдениет деңгейінің жоғары еместігі, әкімшілік командалық жүйенің әкімшілігінің басшылары саяси билікті жеке дара иемденуі, қоғам тарапынан оған бақылаудың жоқтығы салдарынан елде қуғын сүргін режимі қалыптасып, күшейді, бұл жағдайлардың өзі өз халқына теңдесі жоқ геноцид іске асырылды.