Негізгі құралдар
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Негізгі құралдарды мойындау 4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі 4
1.2 Негізгі құралдардың тозуына түсінік 8
2 Материалды құндылықтардың негіздері 12
2.1 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі 12
2.2 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі 13
3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары 16
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау 16
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 24
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты –барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорныдағы есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Нарықтық экономика Қазақстан Республикасында жедел түрде дамуда.Онымен бірге шаруашылық үрдістерді реттеу механизмі болып табылатын бәсеке де өсіп келеді.
1 Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
Кәсіпорынның ең басты белгісі - оның шаруашылықты жүргізудегі немесе шұғыл, оперативті басқарудағы арнайы мүліктерінің, белгілі бір меншігінің болуы. Сол мүліктердің болуы кәсіпорынның жұмыс істеуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық дербестігі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Анықталған түрдегі мүліксіз шағын кәсіпорын да, орта кәсіпорын да, ірі кәсіпорындар да өз істерін, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
1.2 Негізгі құралдардың тозуына түсінік
Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады. [2]
2 Материалды құндылықтардың негіздері
2.1 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі»БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
2.2 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймадағы материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немес жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі.
3 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау және тиімділігін арттыру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі қолда бар материалдар көлемін олардың жоспарлы қажеттілігімен салыстыру арқылы анықталады. Сонымен бірге, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Жоғарыда келтірілген табыстылықтың көрсеткіштерінің барлығын қаржылық есеп мәліметтері негізінде (бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығындар есебі) кез-келген қызығушы тарап есептеп, тиісті шешімдер қабылдай алады. Запастарды басқару келесілерді қамтиды:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қозғалмайтын мүлік, гимарат және жабдықтар (негізгі құралдар) — дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданады және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: