Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Бухгалтерлік есеп пәні

Жоспар
1. Бухгалтерлік есеп пәні 3
2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері 4
3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері 6
4. Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі 8
Пайдаланылған әдебиеттер 11

1. Бухгалтерлік есеп пәні
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген. қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.

3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес: құрамы (функционалдық рөлі) бойынша; олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі. Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді. Өндіріс саласындағы құралдар өз кезегінде еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек затына бөлінеді.
Еңбек құралы - бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.

4. Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттау — шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.