Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өміртану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Ресейдің мядени өмірі

Жоспар
Кіріспе 3
1. Петр реформасы дәуіріндегі Ресейдің мәдени өмірі 4
2. К. Растреллидің шығармашылығы және оның Ресей үшн маңызы 8
3. И.Н.Никитиннің шығармашылығ 11
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе
ХVІІІ ғасырда орыс өнері Европаның шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Францияға қарағанда оның темпі және ритмі өзгеше, акценті өзінше қойылған, жаңа бағытта салынған. Шыныменде, Ресейде тарихи жол деп ерекшелеуге болады.
Франциямен салыстырғанда ХVІІ ғ.-ХVІІІ ғ. 1710 ж. аяғында - өнер жағынан өте төмен келеді. Ресейде Петр дәуірінде жаңа тэмке келіп, құрылыстар салынып тез гүлденді.
Петр Сухарев башнясын (1692-1710) математикалық, астрономдық обсерватория және «навигоциялық» мектептерді, былайша айтқанда монументалдық қоғамдық ғимараттар салдырды.Бірінші классикалық ордер Москвада Лефортовск сарайы 1707-1708ж. ою-өрнектермен безендірііліп, фротондар қақпада ереже бойынша салынған.

1. Петр реформасы дәуіріндегі Ресейдің мәдени өмірі
ХVІІІ ғасыр өнерінің гүлденген кезі болды. Петр І реформалары мемлекет экономикасына, ел құрылысына, соғыс істеріне, ағарту ісіне, қоғам санасына, ғылым мен мәдениетке әсерін тигізбей қалған жоқ. Ресейліктер Батыс Европа елдеріне барып, тәжірибе жинап, оқи бастайды. Бұл жағдай әр түрлі жолдармен келе бастады. Шетелде Батыс елдерінің шығармаларын жасау, шетел мамандарын Ресей еліне жұмыс жасауға көндіру және Ресейде шектелдіктер арқылы маман дайындау, мемлекет қаржысына мамандардын өзін - өзі толықтыру мақсатында шетелге саяхатқа шығуы. ХVІІІ ғасыр орыс өнерінің жемісі орта ғасыр орнына ауысып келген жаңа кезең мәдениеті болып табылады. Ресей бұл ауысу кезеңіне Батыс Европадан кейін келеді.

2. К. Растреллидің шығармашылығы және оның Ресей үшн маңызы
Растрелли - Варфоломей Варфололиевич (Бартоломео Франческо) (1771 - Петербург) - орыс архитекторы, ХVІІІ ғасырдың ортасындағы орыс бароккосының көш басшысы. Ұлты - итальян. Мүсінші Б.К.Растреллидің баласы. 1716 жылы әкесімен бірге 16 жасында Петербургке келген. 1725 - 30 жылдары шетелде (Италияда болуы ықтимал) оқыды. 1730 - 63 жылдары сарай сәулетшісі болды. Ол алғашқы құрылыстарының өзін ХVІІІ ғасырдың І - ширегіндегі орыс сәулет өнеріне жақын үлгімен тұрғызды. Растрелли шығармашылығының кемелденген шағында (1740 - 50) еуропалық барокко дәстүрлерін орыстың ұлттық мәдениетімен ұластыра қолданып жаңа найымдаулар жасады. Бұл саладағы сәтті туындылары. Петербургтегі Жазғы сарай (1741- 44, сақталмаған), Киевтегі Андреев шіркеуі (1748 - 67, архитектор И:Ф.Мичуринмен бірге). 1747 - 52 жылдары Петродворецтегі Үлкен сарайды салу ісімен шұғылданды. Ғимарат интерьерін нақыштауда көз ұялтар сұлулықтың кілтін тапқан айна, алтынмен қапталған алғаш оймыш, өрнекті паркет пен әсем плафон т.б. сарай салтанатына сай ғажайып көрік береді. Петербургтегі М.И.Воронцов (1749 - 57ж) пен С.Г.Строганов (1752 - 54 ж) сарайлары Растрелли шығармашылығындағы стильдік кемелдену кезеңінің тамаша туындысы болып табылады. Растрелли Пушкин қаласындағы Үлкен сарайды (Екатерина сарайы 1752 - 57ж) қайа салу ісіне басшылық жасады. Құрылыс ісінде бағаналар тізбегін ұтымды қолдану (бірде қаз – қатар тізіліп, бірде топтана шоғырланған), оны ғимаратқа салтанатты сипат берер архитектор элемент деп қарау – Растрелли шығармашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Оның кейінгі жылдары Петербургте тұрғызылған Смолный монастры (1748 - 54) мен Қысқы сарай (1754 - 62) алып асқақтықпен ансамбльдік тұтастықтан құрылған.

Орыс бароккосы жарларды штукатурлағанда тегіс идеялды болады. Ол дәстүр бойынша орыс қолөнершілері фасадының жоғарғы жағы ашық күлгін, ақ қайын, лазерлі түстермен боялған. Ақ түсті колонналар, алтын түсті және түрлі түсті ою - өрнектермен бейнеленген салтанатты және көңілді, ұлттық мінез идеалына жақын көрінеді.

3. И.Н.Никитиннің шығармашылығ
ХVІІІ ғасырда орыс живописі негізін салушы - И.Н.Никитин. (1680 - 1772ж) Бұл шебердің өмірбаяны келер ұрпақтарына жұмбақ. Никитин көркемдік қызметін Москвадан бастады. Петр І апасы Наталия Алексеевна (1715 -14716ж) портреті, Анна Петровна ханшайымы (1716ж) портреті және т.б. жұмыстары осы периодты айтады. Никитин қабылдап алған жаңа композицияның системасымен жақсы таныс. Моделіне оймен және қадағалаумен қарайды. Сонымен қатар оның фигураларын анық қозғалмай қалып тұрғанын байқаймыз. Ал живопистық манерада ескі әдістердің ызықтарын жібереді. Италиядан пенсионерлік сапардан келгеннен кейін таң қаларлық жетілген. Онда суретшіге тән байсалды және дүнтеге көзқарас көрінеді. Енді ол сол заман живописін толық меңгерді.

Қорытынды
ХVІІІ ғасырдың мәдениеті Ресей мәдениетінің шарықтаған кезеңі болды. Петр І реформалары мемлекет экономикасына, ел құрылысына, соғыс істеріне, қоғам санасына, ғылым мен мәдениетке әсерін тигізбей қойған жоқ. ХVІІІ ғасырда орыс өнерінің желісі жаңа кезең мәдениетінде көрініс берді. Ресей бұл ауысуда Батыс еуропадан кеш келді. ХVІІ ғасырда Ресей өнері Еуропадағы қайта өрлеу мәдениетін қайталап, ағарту кезеңі мәдениетін біртіндеп қоса бастады. Еуропаның жас шеберлеріне де, Ресей бейнелеу өнеріне әсер етпей қойған жоқ. Жаңа кезеңдегі тәжірибе канонға ұласа бастады. ХVІІІ ғасырда Ресей мемлекетінің ерекшелігі таңғажайып оқиғалары бар шығармалар болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.М.Кантор, Е.Ф.Кожина, Н.А.Лившиц, Б.А.Зернов, Л.М.Воронихина, Е.А.Некрасова. «Малая история искусств» Моква., «Искусство» 1977.
2. Қазақстан ұлттық энциклопедия «Қазақ ұлттық энциклопедиясы» бас редакциякциясы, Алматы, 2005, 7-том
3. Аминов, Евангулов «Русское искусство»
4. Энциклопедия Растрелли
5. М.М.Алленов, О.С.Евангулова, Л.И.Лифшиц «Русское искуство Х-начала ХХ века» Москва «Искусство» 1989 /168-175, 479-беттер/