Сақ тайпалық одақтары
Жоспар
1 Сақтардың саяси тарихы 3
1.1 Батыс және Солтүстік Қазақстан 6
1.2 Шығыс Қазақстан 7
1.3 Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан 9
2 Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы 13
2.1 Егіншілік пен суару 15
2.2 Кәсіптері мен сауда 15
2.3 Сауда 17
2.4 Сақтар қоғамы 18
3 Сақтар өнері мен мифологиясы 20
Пайдаланылған әдебиеттер 25
1 Сақтардың саяси тарихы
Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж. сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
1.3 Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Бұл - сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда,ал массагеттер Арал өңірі мен Сырдария бойында өмір сүрген.
Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі – Шле алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеевоба-мазарлары тап осы алқаптан табан тепкен.
Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезеңі б.з.дейінгі VIII-VI ғғ. және кейінгі кезеңі б.з. дейінгі V-III ғғ. Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық мәліметті б.з дейінгі 1 мың жылдықтың орта кезіне жататын Бесшатыр қорымы және Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады.
2 Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы
Байтақ дала мен тауың алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып , жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Баяғы заман авторлары сақтар туралы: «Олар әсте егіншілер емес, көшпелілер» деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне; «Еркін кеңістікке , от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді» – деп анықтама бергенде , біршама сыңаржақ пікір айтқан.
2.1 Егіншілік пен суару
Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік – Рабад, Бәбіш - молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
2.2 Кәсіптері мен сауда
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен кәсіптері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі сияқты, темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, алтын мен күмістің бұрыннан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген. Мамандардың есептеуінше, кен рудаларын өндіру орасан зор көлемде жүргізілген.
2.3 Сауда
Еуразияның далары мен таулы алқаптарын сақтар билеп тұрған кезеңде Батыс пен Шығысты, Жерорта теңізі аймағы мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады, бұл жолмен 40-параллель бойын қуалай, далалық аймақтарға бағалы тауарлар жеткізіліп отырған,Хуанхэнің үлкен ирек иінінен басталған жол Алтайдың шығыс және теріскей сілемдерін, Қазақстан мен Қаратеңіз өңірінің ұлан далаларын кесіп өтіп, гректер мен этрустар жеріне дейін жетеді екен.
2.4 Сақтар қоғамы
Сақтар қоғамы қалай ұйымдастырылған еді - деген сауал осы кезге дейін ғалымдар таласын тудырумен келеді.
Жазба деректерде өздерінің дәулетіне, шұғылданатын іс-әрекетіне, рөліне қарай сақтар қоғамына адамдардың қандай тобы кіргені туралы мәліметтер өте аз.
3 Сақтар өнері мен мифологиясы
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактерияның көркем өнерімен,екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.