Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Диссертация

Объем: 40 стр.

Полный просмотр работы

Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 9
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.

Экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну үлкен әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие, ол – бір жағынан өндірістік – инновациялық кәсіпкерліктің арнайы түрін дамыту; екінші жағынан ұлт денсаулығы мен өмір сапасы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу.
Осы орайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің өндіру мен тұтыну бойынша сараптаулар мен талдауларды, ұтымды және маңызды факторларды, экономикалық тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы арта түседі. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындап, оның ғылыми – тәжірибелік құндылығын көрсетеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр металдар (РШШ – рауалды шекті шама деңгейінен жоғары). Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді.
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.

Мұндағы унақты кесте көрсеткіштері де, ал утеор. алынатын функционалдық тәуекелділіктегі xi мәніне кестедегі қойылған мәндер болады. Бұл модельде біз х деп қызанақ өсіруге бөлінген жер көлемін (га) және у деп сол жерден алынатын өнім көлемін (тонна) белгілеген болсақ, алынған теоретикалық теңдеу:

Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен тұтынудың басты мақсаттары- халықтың денсаулығын, иммунитетін жақсарту, орташа өмір сүру мерзімін ұзарту, сәбилер мен балалар өлімін азайту. Егер әлеуметтік «тиімділікті» экологиялық таза тамақ өнімін пайдалануға қатысты қарастырсақ, онда оған қол жеткізудің үш көрсеткішін ерекше атап өтуге болады: әрекеттілік, жетістік, тиімділігі.

Экологиялық таза өнім бағасының өзгеру шегін анықтауда келесі формула қолданылады, ол үшін ең алдымен «а» және «b» коэффициенттерін есептейік:

Экологиялық таза өнім өндірісі табиғи ресурстардың жағдайымен, технологиялық үрдістердің деңгейімен, өндірісте қолданылатын заттардың сапасымен , олардың қоршаған ортаға әсерімен қалыптасады. Оларды басқару және жоғары сапалы өнім өндірісінің үрдісін экономикалық реттеу үшін жоғары мамандандырылған білім, мәліметтердің кең базасы, қамтамасыз ету мен бақылаудың сәйкес қызметтерінің болуы қажет. Осыған сәйкес, диссертациялық жұмыста экологиялық таза өнімнің экономикалық механизмі көрсетілді. Бұл қадамдар Қазақстан халқы үшін экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімі өндірісін дамытудағы әрекеттері болуы керек.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)» тақырыбына жазылған ғылыми- зерттеу жұмысында жүргізілген жан-жақты талдаулар келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Экологиялық таза тамақ өнімін өндірудің отандық және шетелдік тәжірибелерін саралай келе, біздің пікірімізше, экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША
ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Экологиялық таза өнім өндірісінің шетелдік тәжірибелері // «Ізденіс» Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің ғылыми журналы. – 2004. – № 4 (2). – 58–61 бб. – 0,3 б.т.
1 Экологиялық таза өнім өндірісінің экономикалық аспектілері // «Саясат» ақпараттық-аналитикалық журнал. – 2006. – № 1. – 53–55 бб. – 0,5 б.т.
2 Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірудегі сапа мен бәсекегеқабілеттілік // ҚазЭУ Хабаршысы. – Алматы, 2006. – № 4. – 180–184 бб. – 0,5 б.т.
3 Экологиялық таза жеміс – көкөніс өңдеу кластерін құру және қаржыландыру көздерін қалыптастыру // ҚазЭУ Хабаршысы. – Алматы, 2007. – № 2. – 267–272 бб. – 0,5 б.т.
4 Совершенствование механизма управления производством экологически чистой продукции // Бозор, Пул ва кредит Илмий-амалий журн. – Ташкент, 2007. – № 4 (119). – 62–63 бб. – 0,2 б.т.
5 Экономическое регулирование производства экологически чистой сельскохозяйственной продукции // «ХХІ ғасырдың басындағы ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары», М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері. – Шымкент қ., 2003. – 76–78 бб. – 0,3 б.т.
6 Экологиялық таза өндіріс және экологиялық таза тамақ өнімінің теориялық дамуы // «Қазақстандық әлеуметтік-саяси, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету жолы», халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы / Д.А. Қонаев атындағы Университет. – 2005. – 217–219 бб. – 0,4 б.т.
7 Қазақстандағы табиғи шырындар нарығын маркетингтік зерттеу // Халықаралық ғылыми-рактикалық конференция. «Әлемдік шаруашылық жүйесін жетілдірудегі орта азиялық елдердің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын модернизациялау», 27–29 сәуір / Х.А. Иассауи атындағы ХҚТУ. – Түркістан қ., 2006. – 408–411 бб. – 0,3 б.т.
8 Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен тұтыну шарттары // «Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанның тұрақты экономикасының негізі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары /
М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ. – Шымкент қ., 2006. – 221–224 бб. – 0,3 б.т.
9 Экологиялық таза өнім өндіруді жүзеге асырудағы экологиялық маркетингтің рөлі // Академик К.А. Шайбековтың 80-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру: мәселелер, тәжірибе, келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы. ҚазГЗУ-дің Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институты. – Шымкент, 2006. – 332–335 бб. – 0,3 б.т.
10 Повышение качества плодоовощной продукции – требование рынка // «Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері, 23–25 желтоқсан. – Шымкент, 200. – 90–93 бб. – 0,3 б.т.
11 Тамақ өнеркәсібі маркетингінің ерекшеліктері // «Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері, 23–25 желтоқсан. – Шымкент, 2002. – 93–95 бб. – 0,25 б.т.
12 Жерден мол өнім алу шаралары // «Оңтүстік Қазақстан білімі мен ғылымы», Республикалық ғылыми журнал. – Шымкент, 2002. – № 27. – 0,25 б.т.