Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Физика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Электрмен қамтамасыз етудің сапасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Электрмен қамтамасыз етудің сапасы 5
1.1 Электрмен қамтаманың сипаттамалары 5
1.2 Электрмен қамтамасыз етудің сапасы 8
1.3 Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын элктрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері 13
1.4 Электрмен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрамы және негізгі функциялары 17
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

КІРІСПЕ
Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі (ЭҮҚЖ) – А тобының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыздандырудың ең сенімді, әрі ең сапалы түрі. Бұл А тобында, дегенмен, қосымша қоректендіруді қажетсінетін қабылдағыштар да бар. Бұларға, мәселен, файл-серверлер, көптеген байланыс және телекоммуникация құралдары және қорғаныс жүйелері жатады. Бұл жүйелер аз және орташа қуатты локальды үздіксіз қоректендіру көздер (ҮҚК), аккумуляторлы қоректену блоктар, буферлі аккумуляторлы батареялар арқылы электрмен үздіксіз қамтамасыздандырады. Қазіргі кезде екі жағынан қоректендіретін
Қондырғылар жасалынып көрілуде. Олардың құрылысы әртүрлі қоректендіру көздеріне қосылған екі қоректену блоктарынан тұрады. Электрмен қамтамасыздандыру жүйесіне қатысты мұндай қосымша қоректендіру технологиялыққа жатады және ЭҮҚЖ-ның принципиалды сұлбасына әсер етпейді.

1 Электрмен қамтамасыз етудің сапасы
1.1 Электрмен қамтаманың сипаттамалары
Электрмен қамтамасыз ету – тұтынушыларды электр энергиясымен қаматамасыз ету.
Электр қондырғысы дегеніміз – электр энергиясын өндіру, түрлендіру, трансформациялау, тарату үшін арналған және оны энергияның басқа түріне түрлендіретін, машиналар, аппараттар, сымдар және көмекші қондырғылардың жиынтығын айтамыз.

1-сурет
1-суретте жоғарыда айтылғандарға мысал келтірілген. 2 кіріс көздерін негізгі электрмен қамтамасыз ету қосымша автоматты қосу құрылғысы арқылы іске асырылады. ДГҚ электрмен қамтамасыз етудің қалалық құрылымын жағдайында өрт қауіпсіздік, табиғатты қорғау және санитарлы норма шарттарына байланысты орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда электрмен қамтамасыз ету негізгі 2 электрмен қамтамасыз ету көздері арқылы, мысалы қаланың электр желілері және ҮҚК–ны қолдану , іске асырылады. Қалалық электр желісі 2 көзінен ДГҚ-ны орнату қажеттілігі, ғимаратты жобалауға байланысты қолданғанда қарастырылады.

1.2 Электрмен қамтамасыз етудің сапасы
Электрмен қамтамасыз ету сапамен және сенімділікпен сипатталады. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы электр қабылдағыштардың қасиеттерімен тығыз байланысты және ол электрмен қамтамасыз ету жұмысының сенімділігін арттырады. Электрмен қамтамасыз етудің сапасы ең алдымен электр энергиясының сапасына қатысты (ЭС). Ол қоректенетін кернеу формасының бұрмалануы және бұзылуымен сипатталады. Бұл қателіктер энергожүйелерден келеді – мысалы, электр желісі аудандарының коммутациясымен шақырылатын, найзағайлық импульс, коммутациялық кернеудің жоғары болуы, қосымша автоматты ауыстыру құрылғысының жұмысы кезіндегі және тұтынушылардың басқа қорек көздеріне ауысу кезінде.

1.3 Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын электрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері
А тобының тұтынушыларының мынадай ерекшеліктері бар – басқа электр қабылдағыштармен салыстырғанда олардың электрмен қамтамасыз етілуі, қосымша қорек көзін қосқан уақыттығы қоректің аз уақытқа үзілуінсіз орындалауы қажет. Мұндай электрмен қамтамасыздандыру – үздіксіз деп аталады, сонымен қатар “синусойданың үзілуінсіз” деген терминді де кейде кездестіруге болады.

3- сурет. Импульсті қорек блогының электр тұтыну диаграммасы
Диаграммаға қарасақ, энергия импульсті түрде әр 10 мс сайын немесе секундына 100 рет қолданылады. Электр энергиясы желіден алынбайтын, ал электронды құрылғы (компьютер, маршрутизатор және т.б.) энергияны қорек блогының құрамындағы конденсатордан алатын кездерде импульстердің уақыт аралықтары болады. Осы қосымша энергияның көмегімен қорек блогы қондырғының немесе аппаратураның жұмысын қамтамасыздандырудың 50 мс уақытқа үзілуі кезінде де қолдай алады.

1.4 Электрмен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрамы және негізгі функциялары
Электрмен қамтамасыздандыру жүйесі – тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр құрылғыларының жиынтығын айтады. А, В және С топтарын электрмен қамтамасыздандыру олардың әрқайсысына әдейі арнап жасалынған электрқондырғыларыдың көмегімен жүзеге асырылады.
А тобының электр қабылдағыштары қоректі үздіксіз электрмен қамтамасыздандыру (қоректендіру) жүйесінен - ҮЭҚЖ (ҮЭҚЖ) – ден алады.
Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі деп - сыртқы электрмен қоректендіру көздері ауытқыған кезде қабылдағышты электрмен үздіксіз қоректендіру көздерінің аккумуляторында жиналған энергиямен қамтамасыздандыратын электр құрылғысын айтады. Бұл үрдіс сыртқы электрмен қамтамасыздандыру қалпына келтірілгенше немесе кепілдендірілген электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қосымша көздері қосылғанша жүреді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осы рефератты жазу барысында біз қазіргі технологияның қарыштап даму кезеңінде ҮЭҚЖ-нің маңызы өте зор екенін түсіндік. Себебі барлық құрылғылар, қондырғылар, кәсіпорындар және ғимараттар электрмен, әсіресе үздіксіз электрмен қамтамасыз етілген. Біз осы тақырыпты зерттей келе үздіксіз қорек көзіне жататын аккумуляторлық батареялардың қызметімен, оның құрылымы және оның құрама бөліктерімен танысуға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар ҮЭҚЖ-нің қазіргі заманға тез бейімделіп, тез даму үстінде екенін байқадық.