Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы


Жоспар
1 Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы 3
1.1 Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы 5
1.2 Топырақтың физикалық қасиеттері 7
1.3 Топырақтың химиялық құрамы 12
1.4 Топырақтың биологиялық қасиеттері 16
1.5 Топырақтың ластану көздері 21
1.6 Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау 23
1.7 Топырақты ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қорғау шаралары 25

1 Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақ дегеніміз - жер қыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері нәтижесінде пайда болған. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2 см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл керек.Топырақта күрделі химиялық және биологаялық өзгерістер, ең бастысы жануар және өсімдік тектес органикалық заттардың ыдырау процестері жүріп жатады.
Сонымен бірге топырақ - түрлі өсімдіктер, жануарлар қалдықтары мен шаруашылықтық-тұрмыстық қалдықтарды қабылдаушы және сіңіруші, сондай-ақ ол көптеген микрофлоралар мен микрофауналар резервуары. Топырақта түрлі жаңа қосылыстар құралып, өсімдік тамырын жаяды, ал терең қабаттарында жер асты суы болады. Топырақ батпақтанса немесе топырақ суы көп тұрып қалса мал қоралары сыз тартады.

1.1 Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы
Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану - қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта гумус, азоттың жиналуына әсер етеді.
Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.
Топырақ бөлшектерінің көлденеңі 1 мм-ден артық болса, онда оларды топырақтың қаңқасы (скелеті) деп атайды, ал 1 мм-ден кем болса, ол бөлшектерді топырақтың ұлпасы (мелкозем) деп атайды. Топырақтың қаңқасына жататын механикалық бөлшектер - тастар (көлденеңі 10 мм-ден ірі), ірі қиыршық (5-10 мм), орташа қиыршық (3-5 мм) және ұсақ қиыршық (1-3 мм). Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер ірі құм (0,5 мм), орташа құм (0,25-0,5 мм), майда құм (0,05- 0,25), ірі шаң (0,001-0,005 мм), тозаң (0,001-0,0001 мм) және коллоидтар (0,0001 мм-ден аз бөлшектер).

1.2 Топырақтың физикалық қасиеттері
Гигиеналық тұрғыдан топырақтың мынандай көрсеткіштерінің маңызы айтарлықтай: топырақтың саңылаулығы, су өткізгіштігі, капиллярлылығы, ылғал тартқыштығы, ауа өткізгіштігі және жылулық қасиеттері.
Топырақтың саңылаулығы. Адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде, топырақ құрғақ та, ылғалды да құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да тегі әр түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Қабат-қабат болып жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген организмдер толы саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай ірі және ұсақ түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ түйірлі топырақ саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан кем.

1.3 Топырақтың химиялық құрамы
Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан тұрады. Минералдық заттардың көзі - жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын таулы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың органикалық бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тектес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний көп болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі. Литосферамен салыстырғанда топырақта көмірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақта бұл элементтердің көп жиналуы тірі организмдердің тіршілік етуіне байланысты (бір тіршілік иесіне 18 пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот келеді).

1.4 Топырақтың биологиялық қасиеттері
Топырақтың негізгі биологиялық құрамына микробтар, құрттар және т.б. жатады. Арктикадан бастап, тропиктерге дейінгі ендіктердің бәрінің топырағында көптеген микробтар түрлері мекендейді. Топырақтың 1 г микробтар саны әдетте жүздеген, тіпті мыңдап, миллиондап саналады. Шөл дала құмдарының 1 г өзінде 1 миллионға дейін микроб болады.
Топырақтағы микробтар табиғаттағы зат айналымын арттыруда маңызы зор. Заттардың өсімдік тамырлары қорек үшін пайдалана алатын химиялық формаға айналуы микроорганизмдердің тікелей қатысуымен болатын құбылыс.
Топырақтағы бактериялар саны мен химиялық құрамы, топырақтың органикалық құрамы, физикалық, химиялық қасиеті (қышқылдық дәрежесі және т.б.), температурасы, ылғалы мен ауасы т.б. көрсеткіштері арқылы анықталады.

1.5 Топырақтың ластану көздері
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.

1.6 Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау
Топырақтың санитариялық жағдайы эпвдемиологиялық, эпизоотологиялық және гигиеналық қатынастарының қауіпсіздігін анықтайтын физико-химиялық және биологиялық қасиетгердің жиынтығымен түсіңдіріледі. Осы мақсатпен химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеулер жүргізіледі.