Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: История и теория кооперативного движения

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Кооперативтік идеология


Жоспар
1 Кооперативтік идеологияның бастаулары 3
2 Кооперативтік қозғалыс туралы марксистік-лениндік ілім 8
3 Кооперативтік социализм теориясы 16
4 Кооперативизм теориясы 21
Әдебиеттер 23

1 Кооперативтік идеологияның бастаулары
Халық фольклоры мен көне әдебиет ескерткіштері орта ғасырлардың өзінде шаруалар мен ұсақ қол өнері кәсіпшілерінің болашақ жақсы өмір туралы өздерінің армандарын теңдік пен әділеттік, ынтымақтастық пен өзара көмек салтанат құратын адамзат қоғамын тамаша етіп ұйымдастыра білумен байланыстырды. Шаруа бұқарасымен жасалған болашақтың утопиялық бейнесі, адамзат жинақтаған білімдер мен түсініктерден, арман-мүддеден шегініс жасай отырып, адамдардың әлеуметтік, мүліктік теңдігін қалыптастырып, жеке меншіктен, бірлескен еңбектен бас тарауын, қоғамның бүкіл мүшелерінің өндіріске және материалдық игілік пен рухани құндылықтарды тұтынуға теңдей қатысуын орнықтырып және соған үгіт жүргізе отырып, XVI-XVIII ғасырдағы гуманисттер мен ағартушылардың дүниетанымына әсерін тигізді.

2 Кооперативтік қозғалыс туралы марксистік-лениндік ілім
К.Маркс пен Ф.Энгельс кооперация туралы өздерінің ілімдерін топиялық және кооперативтік социализм бағыттары мен әртүрлі мектептердің жақтастарымен өткір идеялық күрес жағдайларында дамытты.
Кооперативтік қозғалыста оларды қоғамдағы кооперацияның орны мен рөлі және кооперацияны пролетариаттың таптық күресінде пайдалану мүмкіндіктерінің мәселелері қызықтырды.Сол кезеңдегі кооперативтік қозғалысты талдай келіп К.Маркс пен Ф.Энгельс келесідей қорытындыларға келді: кооперативтер – еңбекшілердің бірігу және топтасу формасы; кооперативтер – капиталисттен социалистік өндірістік қатынастарға өту формасы. Сонымен бірге олар, билік үстемдік етуші таптардың қолында тұрғанда, капиталистік кооперативтердің мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін атап өтті. К.Маркс пен Ф.Энгельс, пролетариат революциялық таптық күрес нәтижесінде және саяси билікті жеңіп алғанда ғана бостандыққа қол жеткізеді деген қорытынды жасады.

3 Кооперативтік социализм теориясы
Капитализмді социализм етіп қайта құру идеясы кооперативтік социализмнің әртүрлі тұжырымдамалары үшін оның негізіне айналды.
Кооперативтік социализм идеологтары капиталдың үстемдік етуін еңбекшілердің кедейшілік жағдайының басты көзі ретінде қарады. Олар қанауға және бәсекеге негізделген капитализмді бүкіл азаматтардың өзара көмегі мен ынтымақтастығына негізделген жаңа қоғамдық құрылыспен ауыстыруды ұсынды. Олар сондай-ақ мұндай әлеуметтік қайта құрудың басты құралы кооперативтік қозғалыс пен адамдардың ұзақ және биік шаруашылық қызметі болуға тиісті деп санады.

4 Кооперативизм теориясы
Кооперативизмнің маңызы жаңа қоғамдық-экономикалық фармация ретінде «капитализм де емес, социализм де емес, кооперация»ұранына келіп саяды. Экономикада басым дамушы кооперативтік сектор жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылыс болып жарияланды, оған баратын сүрлеу - «қоғамдық дамудың үшінші жолы» саналады.
Қоғамды саяси тұрғыдан құру түрінде «кооперативтік республика» ұсынылады, заң шығарушы және атқарушы органдары кооперативтердің өкілдері мен олардың одақтарынан құрылады.